- 08 ақп. 2020 00:00
- 214
Қожанасырдың мектепке бармай қалуы
Қожанасыр екі күн молданың сабағына бармай қалыпты.
Үшінші күні барғанда молда:
— Қожа, екі күн қайда болдың? — десе:
— Бірінші күні шешем тері шалбарымды жуып қойған екен, кеппей қалды да, содан келе алмадым. Келесі күні келе жатсам, сіздің де шалбарыңыз жаюлы тұр екен, құрттай менің шалбарым бір күнде кеппегенде, далақтай сіздің шалбарыңыз кебе қоймас деп, орта жолдан қайтып кетіп ем, — депті.