Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 30 минут бұрын)
Конституция күні  1 шілде мерекеленуі мүмкін

Қазақстанда Конституция күнін 30 тамыздан 1 шілдеге ауыстыру ұсынылды. Бұл норма жаңа Негізгі заңның жобасында көрсетілген, деп хабарлайды infohub ақпарат агенттігі.

Жаңа Ата заң жобасының XI бөліміндегі 94-бапта бұл өзгеріс нақты жазылған. Құжатқа сәйкес, жаңа Конституция 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

«Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы бұрын қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданылуы бір мезгілде тоқтатыла отырып, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді», – делінген заң жобасында.

Осылайша, республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні болып жарияланады. Бұл 30 тамыз мерекесінің күнтізбеден алынып, орнына 1 шілденің енгізілетінін білдіреді.

Жаңалықтар

Жарнама