- 16 мау. 2021 00:00
- 233
Коронавирустың Қазақстан экономикасына тигізген әсері
Covid-19 пандемиясы Қазақстан экономикасына едәуір әсерін тигізгені біз айтпай-ақ айқын байқалғаны рас. Ең алдымен елімізде мыңдаған кәсіпкерлер жұмысын уақытша тоқтата тұрды. Соның салдарынан адамдар ақысыз қалып, 42500 жәрдемақыға қарап қалғаны шын. Індет оқуға да айтарлықтай теріс әсерін тигізе отыра, сауатсыздықтың көбейуіне жол ашты десемде болады. Экономика демекші, Қазақстан билігі коронавирустың таралуын тоқтатуға тырысып жатқан тұста елдің экспортқа шығаратын негізгі шикізаты - мұнай күрт арзандап, жығылған үстіне жұдырық болып тиді. Шикізат өндіру саласында бірдей екі проблема пайда болғанға ұқсайды. Әлемдік індетке айналған бұл вирус шоу-бизнес пен киносаласына да кері әсерін тигізді. Ал дәл қазіргі уақытта вирус қаншалықты бәсеңдеді? Сақтық шаралары елімізде сақталып жатыр ма? Елімізде өткен жылғыдай ситуациялар қайталанып жатса, мемлекет қаншалықты қорғануға дайын? Осы көкейтестік сұрақтар бізді алаңдатып қана қоймай, осы сұрақтардың жауабын жоғарылардан білгіміз келетіні де бар.
Менің ойымша, ең алдымен шектеуді кезең-кезеңімен ашқаны дұрыс. Үй қамауы одан әрі созыла берсе, халыққа ауыр тиюі мүмкін. Әр адамның тіршілігі бар, күн көруі керек. Карантинде оның бәрі тоқырап, тоқтап қалды. Әрине, вирус түбегейлі жойылып кеткен жоқ. Бірақ қазір сейіліп, бәсеңдеді.
Сақтану шарасы:
Профилактикалық 5 шара
Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:
• қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
• қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
• көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
• науқас адамдармен байланысқа түспеу;
• салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.
Күндердің күні қауіпті індет кері шегініп, күшін жоятынына сенеміз. Тек ол үшін карантин мен оқшауланудың өзі жеткіліксіз. Вакцина керек. Қазіргі таңда коронавирусқа қарсы екпе жасап шығару үшін әлемдік зерттеушілер аянбай тер төгіп жатыр. Десе де олардың ешқайсысы бүгінге дейін көңіл қуантарлық қорытынды жасай алмады.
Қортындылай келе, әр адам өз денсаулығына алаңдайтыны рас. Негізінде сақтық шараларын мемлекет емес, өзімізден бастау алуымыз керек деп ойлаймын. Олай дейтінім, жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, өзіміз сақтық шараларын сақтап, айтылған ережелерге бағынып, дер кезінде емдік шараларды алып отырсақ вирустың болуын бәсеңдете түсетінімізді түсінуіміз керек. Десе де, «сақтықта қорлық жоқ» демекші, мамандардың айтуынша, әр адам жеке тазалығына қарауы тиіс. Ал, егер бас ауруы, суық тию, кеуде тұсының ауырсынуы, пневмония, қалтырау, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер байқалса, 103 нөмiрiне хабарласу керек екенін білгендеріңіз жөн.
Касимбек Жанель