Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қазақстанның демалыс орындарындағы кызмет көрсету (сервис): Алакөлдегі демалыс

Қазақстанның демалыс орындарындағы қызмет көрсету (сервис):Алакөлдегі демалыс.

Табиғатта демалу кімге болса да артық етпейді. Тіпті ақшамыз жетерліктей болса, шетке шығуға асығамыз.

Қазіргі таңда көз тартарлықтай демалыс орындары көп болғанымен, қызмет көрсету сапасы ауыз толтырып айтарлықтай керемет дей алмаймыз.Статистикаға сүйене қарасам, Қазақстандықтар әсіресе Алакөлге жиі барады.Көлемі жөнінен еліміздегі су айдындары ішінен екінші орынды алатын көлге 15-ке жуық өзен келіп құяды екен. Суының емдік қасиеті бар. Судың құрамында хлорид-натрий тұзы болғандықтан, ол адам денсаулығына оң әсер етеді. Кей деректерге көз салсақ, Алакөлге жылына 250 мыңнан астам демалуға келеді екен.

Алакөлде жекелеген пансионаттар, сондай-ақ жеке үйлер де қонақтарды жатын орынмен, тамақпен қамтиды. Пансионатта бір адамға күніне 5-15 000 теңге аралығында шығын шығуы мүмкін. Оның ішіне 3 мезгіл тамақ та кіреді. Жекелеген үйлерге орналассаңыз, одан арзанырақ болуы мүмкін, бірақ қызмет көрсету деңгейі де бағасына сай болады. Көлден басқа табиғат таңғажайыптарын тамашалағыңыз келсе, жақын маңдағы Жалаңашкөл родон бұлағына, Жоңғар Алатауына баруыңызға да болады.

Осындай мүмкіндікті пайдалану нәтижесінде жылдан жылға көл бойындағы сервистік қызмет көрсету деңгейі өсіп келеді.

Алакөлге ден мен жан саулығын қалыпқа келтіріп, қала қарбаласынан тыным тауып, даланың еркін желіне бой сергітпек жандар ұмтылады. Осынау ұмтылысты толықтай қанағаттандырарлық жағдай Алакөлде толықтай жасалған: түрлі қонақ үйлер мен демалыс орталықтары, жайлы жағажай, белсенді демалыс орындары жетерлік.

Алакөлдің тұзды суынан Менделеев кестесіндегі йодтан басқа бүкіл элементтерді кездестіруге болады. Бұл өз кезегінде көптеген ауруды емдеуге көмектеседі. Тек суы ғана емес, мұндағы күкіртсутекті балшықтар да, минералды тұздарға бай құрғақ таза дала ауасы да адам жанына дауа бола алады.

Өңірде емдеу-сауықтыру туризімін дамыту бойынша Ақтүбек ауылында «Алакөл – Арасан» балшықпен емдеу-сауықтыру орталығы жұмыс істейді.

Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Туризмді дамыту арқылы Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі. Қазақстанда туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті. Тәуелсіздік алған соң мәдени және тарихи құндылықтарды жаңартуға бағытталған бұл саланы дамытуға алғышарттар жасалды.

Соңғы жылдары ел үкіметі туризм саласын дамытуға негізделген мақсаттарды айқындап, әсіресе, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу страгетиясы бойынша нақты міндеттемелер жүктеп отыр. Ұлттық туризм секторы жоғары деңгейдегі жан-жақты дамыған инфрақұрылым арқылы аталмыш стратегияның орындалуына өз септігін тигізе алады. Сондай-ақ,  мемлекет жүктеген тағы бір міндеттердің бірі – Орта Азия аймағындағы туристік орталыққа айналу. Бұл бағдарламаны дамыту үшін мемлекеттің бюджет қорынан 59 млрд теңге бөлінген.

Туризм саласы – Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі. Халық­аралық сарапшылардың пікіріне сүйенсек,  қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланың біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын қалыптастыруға, сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің біріне айналып үлгерді. Туризм саласының жылдан-жылға маңызы артып, халық­аралық байланыста және валюталық түсім көзі ретінде көп мемлекеттер аталмыш салаға баса назар аударуда.

Касимбек Жанель


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама