Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Күнделікті сабақ жоспарлары
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Күз сыйы
Мақсаты: Мүсіндеу өнерін қолдана отырып, табиғаттағы ағаш бейнесін дұрыс жасауға үйрету.
Міндеті: 1. Күзгі жапырақтың түрлі - түсті гаммасын беруде әр түрлі ермексазды пайдалану.
2. Қызығушылықтарын арттыру.
3. Өздеріне таныс затты мүсіндеуге дағдыландыру
Әдіс – тәсілдері: көрсету, сұрақ – жауап, түсіндіру
Ұйым түрі: топпен
Көрнекілік: хат, ағаштарды бейнелеу ретінің сызбасы, ермексаз, тақтайша, сүлгі, таяқша, үлгі суреттер.

1. Мотивация
1. Шаттық шеңбері»Ғажайып сөздер»айту
Топқа пошташы келіп, хат әкеліп береді. Тәрбиеші хатты ашып, оқып береді.
2. Ізденіс – ұйымдастыру кезеңі
- Балалар барельеф деген не екенін естеріңе түсіріңдерші?
- сызбалармен жұмыс
- осы сызбаларға қарап, ағаштарды мүсіндейміз.
- Алдымен ағаштың діңі мен бұтақтарын қалай мүсіндейтіндеріне тоқталады. Алдымен ермексазды бөліп, мұжық етіп жұмырлаймыз. Діңінің төмен жағында жуандау, жоғары жағын жіңішкелеу, ал бұтақтарын жіңішке қылып сомдаймыз. Алдымен қарандашпен белгілеп аламыз.
- Күзгі жапырақтарды қалай бейнелейміз? Оның түсі қандай?
- жұмысқа тағы не қосуға болады?

Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп - кішкентай ағаштар
Үп - үлкен боп өседі
3. Рефлексия
Балалар жұмыстарын жалғастырады.
Балалар жұмысын талдау, бағалау, мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: жыл мезгілдерін біледі.
Игеру керек: ермексаздан ағашты мүсіндеуді;
Меңгеру керек: ағаш құрылымын меңгеруі.
Күнделікті сабақ жоспарлары. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама