Photo: Валерій Волинський (https://www.pexels.com/@2158518894) / Pexels
- 10 мау. 2026 06:00
- 25
Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің бейітінен видео жариялап, жұртты елең еткізді
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің бейіті басынан видео жариялады. Ол бұл әрекетін аяушылық сезімін ояту үшін емес, белгілі бір себептермен жасағанын айтты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлымен бірге Құран оқуға барды
Ләйлә Сұлтанқызы үлкен ұлы Сардармен бірге әкесінің бейітіне барып, Құран оқыған. Ол бұл сәттің өзіне де, баласына да оңай тимегенін жеткізді. Тележүргізушінің айтуынша, ес біліп қалған балаға өмірдің шындығын жасырмай, саналы түрде түсіндіріп отыру қажет.
Өмір сабақтары
Сұлтанқызы өз жазбасында өмірдің мәні, байлық пен атақтың уақытша екені туралы ойын бөлісті. Ол балаларды тек жеңістерге ғана емес, жеңілістерге де, қуаныш пен қайғыға да дайындау керектігін атап өтті. «Біз балаларды барлық қиындықтан қорғай алмаймыз. Бірақ қиындық келгенде сынбайтындай етіп тәрбиелей аламыз. Меніңше, нағыз мықтылық – өмірдің ащы-тұщысын көрсе де, жүрегіндегі мейірімін жоғалтпау», - деп жазды ол.
Желі қолданушылары Ләйлә ханымға қолдау білдіріп, оның пікірін құптағандай болды.