x.com/CENTCOM
- 10 мау. 2026 06:30
- 31
АҚШ Иранға Apache тікұшағымен болған оқиғадан кейін соққы берді
АҚШ Иранға тікұшақ апатынан кейін жауап ретінде соққы берді. Бұл туралы АҚШ Орталық қолбасшылығы Х әлеуметтік желісінде хабарлады. Аталған шабуылдарды АҚШ армиясының Apache тікұшағының жойылуына жауап ретінде Жоғарғы бас қолбасшы Дональд Трамптың бұйрығымен қорғаныс мақсатында жүзеге асырылғаны айтылды.
Бұл операция Иран тарапынан болған негізсіз агрессияға тең шара болып табылады», - деп мәлімдеді қолбасшылық.
Сонымен қатар, ирандық БАҚ Парсы шығанағының бірнеше аудандарында, соның ішінде Бендер-Аббас, Кешм және Сирик қалаларында жарылыстар мен әуе шабуылына тойтарыс беру жүйелерінің жұмыс істегенін хабарлады.
Ақ үй басшысы Орталық қолбасшылық Иранға жауап шабуылы туралы жариялаған кезде ABC News арнасына телефон арқылы сұхбат берді. «Мен жауап беру өте маңызды деп санаймын. Олар тікұшақты құлатты, және біз қазір жауап шабуылын жасап жатырмыз», - деді Трамп.
Бірнеше сағат бұрын АҚШ президенті Иранның Ормуз бұғазы үстінде патрульдеу кезінде Apache тікұшағын құлатып, жауап болатынын ескерткен болатын. АҚШ Орталық қолбасшылығы AH-64 Apache тікұшағының экипажының екі мүшесі Оман жағалауында теңізге құлағаннан кейін әскерилермен құтқарылғанын хабарлады.
-
Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде күйеуінің бейіті басынан түсірілген видеоны бөлісті. Бұл жазба көпшіліктің назарын аударып, әртүрлі пікірлерге себеп болды.