- 11 қыр. 2017 00:00
- 242
Латын әліпбиінің жобасы қашан жарияланатындығы белгілі болды
2025 жылға қарай латын әліпбиіне толықтай ене аламыз. Бұл туралы Ш. Шаяхметов атындағы республикалық орталығының директоры Ербол Тілешов мәлім етті.
«Жобада қазақтың 28 дыбысының барлығы берілді. А. Байтұрсынұлының фонетикалық, лингвистикалық принцпі, сонымен қатар Алаш зиялыларының ұстанымы, мұнымен қоса 1924 жылы Орынборда қазақ білімпаздарының съезі болған, сонда қарастырылған ұстанымдар ескерілді. Ондағы ең басты ұстаным - қазақтың дыбысын сақтау, екіншіден, қазақтың жуан жіңішке сыңары үндестік заңын сақтау», - деді Тілешов Парламент Мәжілісіндегі «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдаудан кейін.
Орталық директоры жаңа әліпбидің жобасы таяу арада сайттарда жарияланатынын атап өтті.
«Менің білуімше, күні ертең «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланатын болады», - деді Е. Тілешов.
«Қазақстан тілінде 28 дыбыс бар. Бүгін ұсынған әліпбиімізде 25 таңба қамытылған, оған қоса 8 диграф бар. Осы орайда бұның барлығы қазақтың бүкіл дыбыстық жүйесін беріп тұр», - деді ол.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін ҚР Парламент Мәжілісінде Шаяxметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық орталығының директоры Ербол Тілешов латын әліпбиінің бірыңғай нұсқасын таныстырған болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат