Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 18 сағат бұрын)
Мағжан Жұмабаев "Қазақ тілі" өлеңі
Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев "Қазақ тілі" өлеңі
Мақсаты:
Білімділігі: Мағжан Жұмабаев өмірі мен қазақ тілі өлеңі туралы түсінік бере отырып, сатылай кешенді жолын меңгерту, әдебиет теориясынан ұғымын кеңейту
Дамытушылығы: Мәнерлеп оқу дағдысын дамыту, өз пікірін еркін жеткізуге дамыту
Тәрбиелігі: Елін, жерін, тілін сүюге баули отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Мағжанның суреті, сатылай кешенді талдау жолының сызбасы, деңгейлік тапсырмалар, кәртішкелер
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: "Сатылай кешенді талдау", "Сын тұрғысынан ойлау", технологиялар

"Тұлғаны таны" (Мағжанның портреті көрсетіледі)
Қазақ тілі
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр - бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті, күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін, не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

Сатылай кешенді талдау: "Қазақ тілі" өлеңі
Авторы: Мағжан Жұмабаев
1893 ж. 25 маусымда Солтүстік Қазақстан обл. Сасыққөл жағасында туған.
Кемеңгер, ұлт ақыны, шебер аудармашы, қоғам қайраткері
1938 ж. наурыз айында жазалау құрбаны болды

Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей.«Ана тілі туралы» Мақал – мәтелдер
ІІ деңгей. Екі жақты күнделік
ІII деңгей. “Ана тілі - ардағым” (эссе)
Н. Ә. Назарбаев: “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, Ана тіліміз – бәріміздің анамыз, өйткені ол - ұлтымыздың анасы”

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама