- 03 нау. 2020 00:00
- 207
Мәкеңнің досына қонақ болуы
Мәкең бір досыныкіне қонса, досы:
— Мал соятын уақытта келмедіңіз, — деп қонақасыға көже беріпті. Ертеңінде әлгі досын ертіп аттанып, бір үйге келіп түсіпті. Үй иесі түстік астырып, ет алдыға келіп бата тілегенде, досы:
— Мәке, бата сізден, — деген екен, Мәкең іркілместен:
— Күндіз бар қылған Құдай, түнде зар қылған Құдай, Аллаху акбар, — депті.