Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 22 сағат бұрын)
Мәкеңнің қарыз беруі

Бір күні дүкенге ұзақтан келген біреу алатын затына бір тиыны жетпей қалған соң, Мәкең бір тиын беріпті. Бір жыл өткен соң әлгі кісінің үйіне түсе қалып, аман-сәлемге қарамай үй иесіне жабыса кетіпті:

—Ей, әкем-ай, көрім кезіктің. Саған былтыр берген бір тиын үшін әйелім құлақ етімді жеді. Ақыры банкеге қойдым деп әрең құтылып едім, ренжімей бес тиын өсім қосып қайтарсаң, сөзден құтылайын,—деген екен. Әлгі кісі шын көріп:

—Ей, дүние не деген боқ еді,—деп он тиын ұсынған екен, отырғандар ду күліпті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама