- 03 нау. 2020 00:00
- 189
Мәйеннің қызықтары
Мәкең қызмет бабымен үйде көп болмайды екен. Бір күні әйелі:
— Сен үйге қарамайсың, — деп жазғырыпты. Мәкең ертесі орнынан тұра сала үйдің іші-сыртын қоқсытып ақтара бастапты. Мәкеңді іздеп келіп қалған біреулер:
— Мәке, осы құрлы ақтарып, бірдеме жоғалтып алғансыз ба? — деп таңырқап сұрағанда, Мәкең:
— Тайыр-ай, осы біздің қатын үйге қарамадың деп құлақ етімді жеген соң ақтарып жатыр емеспін бе? Елдің еркегі мың күн қарағанда қайтып шыдаған, мен бір күн қарағанда шыдамадым, — депті.