Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 11 сағат бұрын)
Мақта қыз бен мысық
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы,
Қазақстан ауылы, "Қазақстан бастауыш мектебі"
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Кадирова Мархаббат Бакыткановна

Мақта қыз бен мысық.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға мақта қыз бен мысық туралы түсінік бере отырып, ертегіні рольге келтіріп, әңгімелеп түсіндіру.
Дамытушылығы: балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырып, тіл байлығын дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, сауаттылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Түрі: ойын сабақ.
Әдіс тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап,
Көрнекілік: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Психологиялық дайындық.
Балалар шеңберге тұрып бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді.
- Балалар жылдың қай мезгілі?
- Күз.
- Күз мезгілінің нешінші айы?
- Екінші айы.
- Қалай аталады?
- Қазан.
- Аптаның қай күні?
- Дүйсенбі.
- Жақсы балалар, біз мына ағаштағы алмаларды тере отырып, ондағы жасырынған жұмбақтардың шешуін табу арқылы бүгінгі сабағымызды бастайық.
1. Сырт - сырт соғады, уақыт озады.
2. Күнде оған қараймын, шашымды тараймын.
3. Қыста жер бетін басады, жазда сайға көшеді.
- Балалар жарайсыңдар барлық алмалардың тапсырмаларын орындадық. Қарағай ағашының басына жетті, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не екен?
- «Мақта қыз бен мысық.»

III. Жаңа сабақ. «Мақта қыз бен мысық» ертегісін мәнерлеп балаларға айту.
Мазмұнын түсіндіру.
Оқушылардан түсінгендерін сұрау.
Сергіту сәті: Қарлығаш боп ұшайық,
Қане қанат жазайық,
Ұшып - ұшып алайық
Орнымызға қонайық
Балаларды рольге бөліп ойнату.
Ойын: «Жаңа сөзді тап».
Мақсаты: қатық сөзін түсіндіру.
Қатық - сиырдың сүтін айран ғып ұйытып оны сүзу арқылы жасалады.

IV. Қорытынды.
- Біз мысыққа көмектесіп оған құйрығын алып бердік. Мақта қызға қатығын қайтарып бердік. Сендер көмек беру үшін көп еңбектендіңдер.
Сондықтан, балалар айтқан тілді алып қырсық мінезімізді көрсетпейік, тәртіпті болып дос болайық бәріміз.
Бағалау.
Үйге тапсырма. Ертегіні мазмұндап келу. (Ата-аналар көмегімен)

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама