Математика пәнін оқытуда оқыту үшін бағалаудың тиімділігі
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы
«Қарашілік негізгі орта мектебі» КММ
Математика пәні мұғалімі: Тоқтар Айжан
Оқыту үшін және оқытуды бағалау. Бұл әр сабақтың басынан соңына дейін жүретін үдеріс. Бағалау үдерісі оқушылар «Мен не үшін оқимын?» - деген сұраққа жауап бере отырып, өздерінің әрбір қадамын, жетістігін формативті бағалайды. Осылай оқуға деген ынтасы, қызығушылығы, пәнге деген сүйіспеншілігі, мұғалімге деген сенімі пайда болады. Оқушы алға жылжуы үшін өзінің деңгейін нақты түсінуі тиіс. Бұнда негізінен бағалаудың екі түрі көрсетілген: оқыту үшін бағалау (формативті) және оқу үшін бағалау (жиынтық). Тағы басқа бағалаудың ішкі, сыртқы және мұғалімнің бағалауы сияқты түрлері көрсетілген. Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керектігі айтылған. Сабақтарды жоспарлауда оқыту үшін бағалауды, оқушылар өздерін-өздері, сыныптастар бірін-бір, крийтериялды бағалау арқылы жүргізіліуін қадағалап өзін-өзі бағалау нәтижесін бағалау мұғалім бақылауы арқылы жиынтық баға ретінде оқу журналана баға қояды. Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Ал оқыту үшін бағалау оқушыларға қорытынды немесе форматифті бағалау нәтижесінде жиынтық бағаны қояды. Ал ішкі бағалау: сараптық жұмыс, бақылау жұмысы, диктант, мазмұндама, өзіндік жұмыс, мәтінмен жұмыс. Сыртқы бағалау: тест, анкета, олимпиада, ҰБТ, ғылыми жоба, т.б. Мұғалімнің бағалауы: мадақтау, ынталандыру, фишкалар, жұлдызшалар, смайликтер, және т.б арқылы жүзеге асады. Мұғалімнің бағалауы, яғни мадақтау, ынталандыру оқушылардың көңіл күйін көтеріп, өздерінде сенімділікті тудырады. Бүгінгі таңда бағалау барысында критерийлік және өзін-өзі бағалау жүйесін қолдануды өзекті деп санаймыз. Формативті бағалау ата-аналар, мұғалім және оқушыларға ашық, түсінікті және нақты болады. Өзін-өзі бағалаумен қатар оқушылардың бір-бірін бағалауды жүргізуге болады. Оқушы өзін-өзі бағалаған кезде өздері нәтижеге мүдделі болады. Сонымен қатар мұғалім оқушыға баға қойған кезде, ол бағаны не үшін қойғанын, жауабының қаншалықты дәрежеде болғандығын ашық айтып кету керек, себебі сабақтан кейін оқушыда қойылған бағаға күмән пайда болуы мүмкін. Ал бағаға талдау жасалғаннан кейін оқушы, не үшін осы бағаны алғандығын түсінетін болады және әр түрлі көзқарастар пайда болмайды.
Оқушыларды бағалаудағы негізгі мақсат: оқушылардың оқу білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, әрбір оқушының оқудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі жеткен табыстарын жан-жақты және әділ бағалай білуі.
Міндеттері:
- Материалын меңгерте отырып, мәліметтерді өздігінше жинауға итермелеу, қызығушылығын ояту,түрткі болу,зерделеу.
- Жеке тұлғаның интелектуалдық дамуын қамтамасыз ету, АКТ-ны пайдалана отырып, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа әкелу.
- Әрбір оқушының нәтижеге жетуге деген талпынысын дамыту, көпшілік ортасында өз ойын емін-еркін жеткізуге әкелу.
Сабағымда жиы қолданған әдіс-тәсілдерімнің бірнешеуіне тоқталсам: «Өрмекшінің торы» әдісінде оқушы сұрақ арқылы келесі балаға жіп лақтырады, егер жауап берсе саусағына орап келесі оқушыға сұрақ қойып лақтырады, осылай өрбітіледі. Жауап бере алмаған жағдайда жіп саусағына оралмай келесі жауап берген оқушы саусағына оралуы арқылы орындалады. Екі рет жауап берген оқушы саусағына орап ұпайын еселейді. «Түймедақ» әдісінде оқушы жауабы тақырыпқа байланысты симметриялы болуы керек, күлтелер түстері симметриялы болмаса қателікті бірден байқап, баға өздігінен көрінеді. «Миға шабуыл», «ББҮ» кестесі, «Бәрін білдім» әдіс-тәсілдерінде фишкалар арқылы оқушылар берген жауаптарына сай бағаланады. Балдар бағалау парағына әр тапсырма сайын жазылып отырды. Оқушылардың арасында фишка алуға қызығуышылық жоғары болды. Фишкаларды алған оқушылар бір-бірімен салыстырып, бір-біріне жеткісі келіп, бәсекелестік пайда болды. Қызыл және сары фишкаларды алып қалған оқушылар жасыл фишканы алғысы келіп, тырысатыны байқалды,дегенмен дезерттеудегі Соқушым қызыл фишкаға қолы жеткенінеде риза болды. Формативті бағалау кезінде бұрыңғыдай неге маған осы баға,оған ана баға деген оқушы болмады, сабақ соңында оқушылар өздерінің қаншаға жауап бергендерін біліп, бағаларын айтып шығып,күнделіктеріне қойып,маған тек қол қойдыруға әкелді. Бір қызығы білімі төмен, зерттеуге алынған оқушы С, бастапқыда өзінің 3-не риза болса,бара-бара сабаққа деген қызығушылығы артып, 4-тік бағаға жететін болды. Себебі, бірінші, екінші тапсырманы орындауда белсенділігі аз болдыда соңғы тапсырмаларды орындауда айталық «Бәрін білдім» әдісін қолдану кезінде толықтай тапсырмаға өз көмегін тигізді.
Бұдан менің байқағаным дәстүрлі сабақтарда тек жиынтық баға қойып, біз оқушыларға тәуелсіздік бермеген екенбіз. Ал оқыту үшін бағалауды пайдалану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығы көтерілді. Олар бір-бірімен бәсекеге түсті. Өздерінің қолдарындағы фишкаларынан қанша алатынын біліп, соған дайын болды, тез фишкаларын есептеп, неше алатынын алдын-ала біліп отырды және жоғары баға алу үшін фишка алуға тырысты. Себебі бағаға деген ұмтылыстары. Бәсекеге қабілеттіліктері артады.
Қорытынды ретінде жазатын болсам, оқыту үшін бағалау оқушылардың өздерін-өздері және бір-бірін бағалау екендігі туралы жоғарыда айтып кеттім.. Оқушылардың өздерінің берген дұрыс жауаптарына фишкалар және ұпайлар алу арқылы өздерінің бағаларын біліп отырды.
Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау өте тиімді болып табылады. Бұл бағалау әдістері бойынша оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады. Математика пәніне деген көзқарасы өзгеріп, қосымша ізденіп, көптеген тапсырмаларды (слайд, тренинг, суреттерді.т.б.) дайындап келеді. Сонымен қатар ішкі, сыртқы және мұғалімнің бағалауы бар. Мұғалімнің бағалауы (мадақтау, ынталандыру, тілек айту және смайликтерді беру) оқушының көңіл-күйіне әсер етіп қана қоймай,оны алдыға жетелейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» Астана, 2012 жыл.
2. Әлімов А. Интер белсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. Алматы-2009