- 05 нау. 2024 02:37
- 192
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалай арттыруға болады?
Атырау облысы, Макат поселкесі,
«Нұрбөбек» бөбекжай - балабақшасының
«Өзін - өзі тану» пәнінің жетекшісі, психолог
Тайпанова Ақлай Нурханқызы
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалай арттыруға болады?
(Ата - аналар жиналысы)
Мақсаты: Балаларға айнала қоршаған ортаны тануға, әр баланың жеке тұлғасын сақтап қалуды қамтамасыз ету туралы ата - анаға толық мағлұмат беру. Отбасындағы қарым – қатынасты қалыптастыру жүйесі.
Тәрбиешінің кіріспе сөзі: А. Эйнштейн «Біз сезінетін ең керемет және ең терең сезім құпиялықты сезіну, кімге бұл сезім жат, кім жүректегі дірілді сезінбесе ол өлі адам» - деп жазған.
Балалардың танымдық белсенділігін дамытудың маңызды факторлары төмендегідей:
- Ұстаздық тұлға
- Оның баламен қарым – қатынасы
- Баланың ішкі әлемінің ерекшелігі мен заңдылығы
Бала берген білімді практикада қолдана білу керек. Ол баланың өзіндік шығармашылық жұмысы. Тәрбиеші тек қана материалды беру емес әлемді таныту, баламен диалогқа түсу, өз сұрақтарына жауап іздеуге бағыт беру керек.
Блиц - турнир
«Тәрбие – дегеніміз не?»
(Допты ата - аналарға кезекпен айналдыра отырып пікірлерін білу)
Балаңызбен танымдық қарым – қатынас кезінде жақсы нәтижеге жетелейтін, кеңестерге назар аударыныз.
Слайд тізбегі:
1. Балаңыздың білуге құштарлығын оятыңыз, ол жасағысы келмеген ісіне қинамаңыз. Әлемді тану үшін тек қана жағымды болсын. Балаңызбен барлық іске бірге араласыңыз.
2. Балаңызға көп көңіл бөліңіз, оны көп құшақтап, еркелетіңіз, ол сіздің жақсы көргеніңізді, бағалағаныңызды сезінуі тиіс. Балалар өз ата - аналарының сүйіспеншілігіне сенімді болса ғана тез және тамаша қабылдайды.
3. Үйіңізде балаға қажет болар әр түрлі көрнекі құралдар, материалдар көп болғаны абзал.
4. Үйрету кезеңін өте қызықты, таңғажайып, баурап алатындай етіп ұйымдастырыңыз. Берілген тапсырманың құндылығын түсінуге балаңыз әлі жас екенін ұмытпаңыз. Ол оны жалықтырады.
5. Бірігіп жасаған жұмысыңыздың қалай айналысқаныңыз маңызды.
6. Ең бастысы отбасындағы кикілжіңді азайтып, жағымсыз ұрыс – керістерді доғару қажет, өйткені ол баланың өсуіне, интеллектуалды дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Осы кеңестерді көңілге тоқи отырып кішкентай бүлдіршіндеріміздің танымдық белсенділігін бірге арттырайық, біріге еңбектенейік құрметті ата - аналар.