Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мен таңдаған мамандық!
Мен таңдаған мамандық - Дінтану мамандығы. Бұл мамандықты бітірген студент мешітте имам болып, уағыз айтатын адам емес. Дінтану зайырлы мамандықтардың бірі, яғни экономист, заңгер, бухгалтер дегендеріңізден асып түспесе, кем емес. Бесінші пән ретінде дүниежүзі тарихын таңдауыңыз қажет.
Қазіргі кезде дінтану мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп, қажет деп тапқан мамандықтардың біріне айналды. Қазақстан қоғамының түрлі этностық, конфессиялық сипатын ескере отыра, соған қоса ұлттық діни мұраны сақтап қалатындай қазіргі зайырлы қоғамға, заман талабына сай дінтану пәнін оқыту, дінтанушы мамандар аса қажет және бұл тақырып қашан да өзектілігін жоғалтпайды.
Cол себепті, Әл Фараби атындағы ҚазҰУ - ң философия және саясаттану факультетінің "Дінтану" мамандығы жайында біліп жүріңіздер.
Дінтану - философия, тарих, әлеуметтану, психология, филология, антропология және т. б. ғылымдардың діни сараптамадағы жетістіктерін қамтитын пәнаралық ғылым. Жоғарғы мамандандырылған білім жүйесінде дінтанулық білім алу зайырлы болып табылады.
Дінтанушы - сарапшы, зерттеуші және ғалым, жоғарғы мамандандырылған деңгейде конфессияаралық кикілжіңдерді сараптауға қабілетті, сонымен қатар:
1) Дінтану аясындағы актуалды проблемаларға ғылыми зерттеулер жүргізу (тарих және діни теориялар, заманауи адам болмысының діни - философиялық проблемалары)
2) Шолулар жазу, аннотация, зерттелген тақырыптар бойынша библиография және реферат құру, мемлекеттік органдарға діни бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың өзара әрекеттесу бойынша сұрақтарға кеңес беру. Мемлекеттік құқықтық билік органдарында, ІІМ мәдени мекемесінде, қоғамдық ұйымдарда, коммерциялық фирмаларда дін жөнінде эксперт міндеттерін орындау.
Дінтану студенттері - кәсіби тәжірибелері ҰҚК және ІІМ аналитикалық қызметтер органдарында, мемлекеттік басқару, ішкі саясат бөлімдерінде, халықаралық мәдениет және дін орталықтарында, дін жайындағы сұрақтар ғылыми - зерттеу және аналитикалық орталықтарда, дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде, діни басқарма бөлімдерінде өтеді.
«Дінтану» деген атаудың астарында адамзат тарихының барлық кезеңдерін қамтитын және қоғамның барлық салаларына үлкен ықпал ететін мәдениеттің ең қызық, күрделі салаларының бірін зерттейтін ғылыми таным жатыр.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама