Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Менімен бірге ойна
Менімен бірге ойна
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: «Дене тәрбиесі».
Мақсаты: Қол ұстасып жұппен жүру. Тапсырма арқылы жүгіру. Домалаған заттарды қуып жету «Допты қуып жету». Екі сызықтан аттап өтуге үйрету.
Балада ойын желісінде жүгірту, секірту мақсаттарында, ағзаны қозғалысқа түсіре отырып, денсаулығын нығайту, дене бітімін жетілдіру, баланың жаттығуға деген ынтасын арттыру. Жаңа қимылды үйрену, бұрынғы өткендерді бекіту, дене сапасын тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, төзімділікке, ептілікке баулу.
Билингвистік компанент: доп - мяч, аю – медведь
Керекті құралдарымен көрнекілігі: доп, кәрзеңке, аю үйшігі, екі сызық, орман көрінісі
Әдіс - тәсіл: - Қатармен жүру, қайталау, орындау, қызықты сәт, қимылды ойын, сұрақ - жауап, мадақтау

Тәрбиеші балалармен бірге әуен ырғағымен залға кіреді. Бір қатарға тұрғызады.
Т/ші:- Балалар бүгін біздерге қонақтар келіп отыр, қанекей қонақтармен амандасайық
Сәлеметсіздер ме!
Ал енді балалар оңға бұрыламыз, қатармен айнала жүреміз.
Аяқ ұшымен жүру, қол белге
Өкшемен жүргізу.
Жәй жүгіру, тез жүгіру.
Шеңбер жасап тұрғызу
Балалар тәрбиеші нұсқауымен қатармен айнала жүреді
Айтылған тапсырма бойынша жүреді
Т/ші: - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қандай ерекшеліктері болады? – деген сұрақтар қойып балалардан жауап алады.
(балалардың жауаптары)
Қызықты сәт!
Есік соғып ішке Маша келеді.
Маша:- Сәлеметсіздер ме балалар! Мен сіздерден көмек сұрағалы келдім. Менің аю деген досым бар еді, ол қыс бойы ұйықтап жатады, ал қазір көктем мезгілі болды әлі де оята алмай жатырмын. Балалардың шуынан мүмкін оянар, көмектесіңіздерші өтінем
Балалар келген қонаққа риза болып қуанады, амандасады.
Тәрбиеші: - Көмектесеміз бе балалар?
Балалар: - ия
Тәрбиеші:- аю қайда тіршілік етеді?
Балалар: - орманда
Тәрбиеші: - Аю қандай жануар?
Балалар: - жабайы
Тәрбиеші:- Ендеше балалар қазір бәріміз орманға барамыз.
- олай болса орманға бару үшін сырт киімімізді киейік.
(тәрбиеші киім кигендей балаларға қимыл жасатады)
(Балалар қайталайды.)
Тәрбиеші балаларды жұп болып қатармен жүргізеді.
(Балалар жұп болып жүреді)
Орман ішімен келе жатып алдынан екі сызық кедергіні көреді.
Балалар орманға бару үшін осы кедергіден өтуіміз керек, ол үшін осы сызықтан қос аяқтап аттап өтейік.
(Балалар тәрбиешінің артынан кедергіден аттап өтеді)
Тәрбиеші: Ендеше әрі қарай аю үйіне барайық.
- Балалар мінекей аю үйіне келіп жеттік.
(Экраннан аюдың үйін көрсетеді)
Тәрбиеші: - жаймен аюдың есігін соғып үйіне кірейік.
- балалар аю ұйықтап жатыр, оятып көрейік.
(Балалар аюды қолдың ұшымен түртіп оятады.)
Қ/ойын: «Ұйқыдағы аю»
Шарты: ұйықтап жатқан аюды оятып, балалар қашады.
Аю:- мен ұйықтағым келеді. Аю орнынан тұрып ақырады да қайтып ұйықтап қалады.
(Балалар қашады да, қайтып оятады.)
Ойын 2 - 3 рет қайталанады.
Аю оянып орнынан тұрады да балаларға қарап қуанады.
Аю:- Сәлеметсіңдер ме балалар! Мені оятып жүрген сіздер екенсіздер ғой. сендер мұнда не істеп жүрсіңдер?
Т/ші: Маша деген досыныз біздің балалардан келіп көмек сұрады, сізді оятуға. Сол үшін келдік.
Аю:- А менің Машам келші мында кешірші мені, енді сенің ішің пыспайтын болды, бірге ойнаймыз.
Т/ші:- Аюжан сен жаңа ғана ұйқыдан тұрып жатырсың, біздің балалармен бірге жаттығу жасап жібер.
Тәрбиеші аю мен балаларды шеңберге тұрғыза отырып төмендегі жаттығу түрлерін жасатады.
1. Б. қ Тұру. Қолды жоғары көтеру 3 - 4 рет
2. Б. қ Өкшемен соңына дейін көтерілу. Тұру 3 - 4 рет
3. Б. қ. Оңға солға бұрылу.
4. Б. қ. Арқамен жатып, қолмен аяқты бір уақытта жоғары көтеру.
3 - 4 рет

Тәрбиеші гимнастикалық орындықтың қойып, үстінен өрмелеуді ұсынады.

Қ/ойын: Допты қуып жет.
Тәрбиеші балаларға доп салынған кәрзеңкені көрсетеді де алаңның бір жағында өзімен бірге қатарласа тұруды ұсынады. Одан кейін кәрзеңкеден доптарды алып, балалардан алысқа, әр жаққа лақтырады. Балалар доптарға жүгіреді, оларды алып кәрзеңкеге салады. Ойын қайталанады
(Балалар ойынды қызыға ойнайды)

Т/ші: - Жарайсыңдар балалар! Енді біздің де қайтуымыз керек. Балалар қол ұстасып жұп болып тобымызға оралайық. Маша Аюмен қоштасайық.

Тәрбиеші балалармен бірге топқа оралады.
- Балалар шаршадық па қанекей тыныс алу жаттығуын жасап жіберейік
Релаксация
Тәрбиеші релаксацияға арналған жай музыканы қояды, балаларды шалқайтып орындыққа отырғызады да шарды үрлегендей етіп, мұрынмен тыныс алады да, ішінде ұстап тұрады, содан ішіндегі демді ауыз арқылы шығарады. Бірнеше рет қайталайды

Қорытынды
Тәрбиеші сұрақ – жауап арқылы қорытындылайды.
Тәрбиеші:- Балалар бізге кім көмек сұрап келді?
Балалар: - Аю
Тәрбиеші:- Аю қайда тұрады?
Балалар: - орманда
Тәрбиеші:- Аюмен бірге не істедік?
Балалар: жаттығу жасадық, ойын ойнадық.
Тәрбиеші балаларды орындарынан тұрғызып қонақтарға рахмет айтып қощтасады.

Атырау қаласы
№25 «Еркемай» балабақшасы
Карабалаева Альфия Мерекеевна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама