- 27 мам. 2021 00:00
- 234
Менің мамандығым
Бала жүрегі - кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек.
М. Шаханов
Менің мамандығым - мұғалім. Мұғалім - үлкен жауапкершілікті қажет ететін аса маңызды мамандықтың бірі. Мен бұл мамандықта оқып жатқаныма әне міне дегенше төрт жыл болыпты. Мектепті аяқтаған сәттен-ақ мұғалім боламын деген шешім қабылдадым. Бұл шешімге келмес бұрын ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған деген ой сап ете түсті. Содан кейін нық бекініп,қатты қызығып келдім. Оқу барысында тәжірибеден өту үшін мектепке барған едім. Мектепке кірген бойдан кішкентай балақайлардың алдында өзімді өте бақытты жан сезініп, қатты қуанамын Балалар - біздің болашағымыз, мен олардың шынымен де жақсы және білімді адамдар болғанын қалаймын. Маған кішкентай балалармен уақыт өткізген және олармен ойымды бөлісіп пікір алмасқан ұнайды. Мен оларға жақсы, ақылды болуға, адал, мейірімді және асыл болуға көмектесуге тырысамын.
Әрине, мұғалім мамандығы оңай емес. Мектеп — балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы десек қателеспейтініміз анық. Бұл үлкен білімді, сезімнің өте нәзіктігін және кейде үлкен шыдамдылықты талап етеді. Бірақ мен білікті мұғалім болатыныма және оқушыларымның өте білімді болатынына сенемін.
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің» 4- курс студенті Тенизбаева Жадыра