Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Менің студенттік өмірім

Менің есімім Лия.  Мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Медицина және денсаулық сақтау факультеті, стоматолигия мамандығына оқуға түстім. Мен университеттегі күнделікті өмірім қалай өзгергенін айтқым келеді.

Әрине, менің күнделікті өмірім көп өзгерді, өйткені бұл енді мектеп емес, жоғары оқу орны. Студенттер ең алдымен болашақ мамандығына не қажет болатынын игереді. Олар өздерін қызықтыратын пәндерді оқиды.  Бірақ студент болу үнемі оқиды дегенді білдірмейді. Сіздің хоббиіңізге және сүйікті істеріңізге уақыт болады.

Сіз өзіңіз келген жеріңіздегі таныс достардан бөлек, мұнда шетелдік аймақтан келген жаңа достармен танысасыз. Жаңа таныстық жаңа өмірге жол ашу. Ең қызығы олардың сөйлеу мәнері, өздерін ұстауы. Тіпті сіз білмейтін тілде сөйлеп тұрғандай көрінуі де мүмкін. Әрі өзгеше салттар, дәстүрлер... Бірақ уақыт өте келе оған да көндігіп кетесіз. Үйренісесіз. Өйткені сөйлесу арқылы олардың диалектілері мен өмір сүру қағидалары сізді де өзгертеді. Бұл жамандыққа апаратын жол емес, жақсысын үйреніп, жаманын жирену сіздің қолда. 

Студенттік өмір өте қызықты және оқиғаларға толы.  Мен әр минуттан ләззат аламын. Әзірге менде жаңа адамдармен танысуға, ақылды және тәжірибелі тәлімгерлермен байланысуға және жаңа нәрсені үйренуге тамаша мүмкіндігім бар.

 Менің өмірім өзгерді және мен оған қуаныштымын!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

Медицина және ден саулық сақтау факультеті 1 курс студенті  Швицова Лия

Аға оқытушы Кайрақбаева Г.С жетекшілігімен.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама