Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Менің университетім

Менің есімім Өтешова Айкүнім. Мен Орал қаласынан келіп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- не оқуға түстім. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Химия және химиялық технологиялар" факультетінде білім аламын.

Бұл университетке түсу менің үлкен мақсатым болатын және ол орындалды. ҚазҰУ туралы мен әрқашан білім беру сапасы жоғары деген пікірлер көп еститінмін. Және мен армандаған мамандық жалғыз ҚазҰУ- де болатын. Сондықтан, мен бұл университетке түскенім үшін мақтанамын.

Бұл университет Қазақстандағы танымал және үлкен университеттердің бірі. Білім алу өте қолайлы. Менің университетім де студенттерге барлық жағдай жасалынған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тек қана білімге де емес, студенттердің өнерлерін көрсету мақсатында жағдайлар жасалынған. 

Менің мамандығым "Нанохимия және наноматериалдар" болғандықтан көптеген реагенттермен жұмыс жасап, практикалық жұмыстар көп өткізіледі. Нанохимия және наноматериалдар мамандығында оқыту алғаш рет Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ашылды. Жаңа сала болғандықтан оқыту дәрежесі жоғары. Бұл мамандық мен үшін қызықты және химияға деген махаббаттымды одан сайын арттырады. Сабақ беретін ұстаздардың жетістіктері көп және сабақ беру шеберлігі өте жоғары. Студенттерге барынша түсінушілікпен қарап, қолдай біледі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- де оқимын деп мақтанышпен айта аламын. ҚазҰУ бітіріп шыққаннан кейін әрбір студенттің өмірі жарқын болатынына сенімдімін және сенемін.

Өтешова Айкүнім 

1 курс Нанохимия және наноматериалдар мамандығы

Аға оқытушы Кайракбаева Гүлназ Сотанғазықызы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама