Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Метаболизмді жылдамдатудың 6 тәсілі

Бұл тәсілге жалқаулар мен тәтті құмарлардың да қауқары жетеді...

Шоколад жеңіз, сегізден кейін кешкі ас ішіңіз және сізді артық салмақтан арылтатын басқа да жағымды заттарды жасаңыз.

Арықтау үшін бар-жоғы метаболизмды жылдамдату керек. Мұндай стереотип артық келілерден арылуды мақсат тұтқандар арасында кең таралған. Және бұл тезис ішінара шындыққа сай: ағза тағамды энергияға белсендірек өндірген сайын, дене бетінен артық май қыртыстары тезірек кетеді.

Басқа жағынан, зат алмасу — тиімді түзетулерге беріле бермейтін, күрделі, аса дербес және соңына дейін зерттелмеген дүние.

Алайда метаболизмді уақытша жылдамдатуға мүмкіндік бар.

1. Қара шоколад жеңіз

Құрамында какаосы көп (70%-дан) шоколад стресске төтеп беруге көмектесетіні жайлы көбі біледі. Алайда бұл шоколад плиткасында жасырынған бар сиқыр емес екен.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, күнделікті бұл какао-өнімнің 40 граммын жейтін болса — екі аптадан кейін сіздің метаболизміңіз біршама жеделдей түседі. Бұл жасушалардың инсулинге сезімталдығын қалыпқа келтіру есебінен болады. Нәтижесінде ағза тағамды майға емес, энергияға белсендірек өндіреді.

2. Спортқа барынша аз уақыт бөліңіз

Бір сағаттық жүгіру немесе сол ұзақтықтағы қандай да бір терең ойлы йогаға қарағанда, 10-15 минуттық белсенді жаттығу метаболизмді жеделдету тұрғысынан тиімдірек.

АҚШ-та жоғары қарқынды интервалды жаттығулар бұрыннан кең таралған. Бұл жаттығулар желісінде максималды белсенді қысқа кезеңдер дәл сондай қысқа демалыс кезеңдерімен алмасып отырады.

20 рет кеудені жерден тез-тез көтересің — 20 секунд демаласың — қайта 20 рет кеудені жерден көтересің. Бір минут бойы секіргішпен максималды жылдамдықпен секіру — 15 секунд демалыс — тағы бір минут секіру. Күніне (тіпті екі күнде бір) осыған ұқсас 4-5 айналым жасаса, екі аптада зат алмасу біршама жеделдейді.

Жеделдеудің орын алуына бірнеше себеп бар. Соның ішінде, липидтер мен глюкозаның сіңірілуі жақсарады — бұлар сіңірілмей қалатын болса май қыртыстары түзіледі. Сонымен қатар, ағза майларды негізгі кетіруші — оттегіні көбірек тұтынуға үйренеді. Сол себепті қысқа, бірақ интенсивті жаттуғадан кейін калориялар шығыны күрт және ұзақ уақытқа артады (екі сағаттан бір тәулікке дейін). Айтпақшы, оттегі жайлы...

3. Тереңірек демалыңыз

Кейде кезекті диета жайлы оқып, терең демалғың келеді. Және бұл дұрыс та! Терең демалу — тағам үлесін қатаң шектеуге қарағанда (жалпы қатаң диета арықтаудан бұрын салмақ жинауға итермелейді), арықтаудың тиімдірек тәсілі.

Мұндағы логика қарапайым: тереңірек демалған сайын қанға көбірек оттегі түседі және тағамды, оның ішінде майлар мен қантты энергияға өндіру процесі белсендірек жүреді.

4. Суық су ішіңіз

Әр арықтап жүрген адам естіген болар: егер тамаққа отырардан 20-30 минут бұрын бір стақан су ішсе, азырақ тамақ жейсің. Бірақ егер тоңазытқыштан алынған су ішсе әсері екі есе болатынын білген бе едіңіз?

Суық су асқазанды толтырып қана қоймай (демек сіз өзіңізді тойып тұрғандай сезінесіз), ағзаны жылыту үшін артық калория жұмсауға итермелейді. Жарты литр суық су ішсеңіз метаболизм жылдамдығы 30%-ға артады. Яғни ағзаңыз жылығанша.

5. Ұйықтар алдында тамақтаныңыз

Артық салмақтан арылғысы келетін немесе салмағын ұстап тұрғысы келетіндер үшін бұл ерсі естіледі. Бірақ Флорида университетінің ғалымдары анықтаған екен: ұйықтар алдындағы жеңіл тіскебасар түнгі зат алмасуды жақсарта алады, оның ішінде майларды өндіруді жеделдетеді.

Зерттеулер семіздіктен зардап шегетін ерлердің қатысуымен өткен, және, әрине, орташа статистикалық адамдар арасында қайта тексеруді қажет етеді, алайда зерттеу нәтижелерін назарға алу артық етпейді.

Иә! Бұл мәтіндегі жеңіл тіскебасар — бұл 150 ккал-дан аспайтын, ақуызы басым порция.

6. Ұйқыңыз қанық болсын

Ұйқы жетіспеушілік — метаболизмнің бәсеңдеуіне және салмақ қосуға тура жол. Оның ішінде, ұйқының қанбауы тәбет пен энергия тұтынуды реттейтін маңызды гармон — лептин деңгейін күрт түсіреді.

Өз зат алмасуыңызға кедергі келтірмес үшін әрдайым және тиісінше ұйқыңызды қандырып жүріңіз. Есіңізде болсын: салмақты қалыпқа келтіру жолында жүйелі жаттығулар мен үйлестірілген рационға қарағанда, ұйқының маңызы зор.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама