Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Міндетті әлеуметік медициналық сақтандыру қажет пе?!

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
журналистика мамандығының III курс студенті Тілеужан Ұлпан

Елімізде денсаулық сақтау саласының бағытын жақсарту мақсатымен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесін енгізді. Елбасымыздың Жолдауында көрініс тапқан бұл жүйенің қажеттілігі денсаулық сақтаудың шығындарын азайтып, қазіргі демографялық үрдіс бойынша қартайған қоғам санатына қосылмау үшін, мемлекеттің мүмкіндіктерін арттырып, дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатынан туындап отыр. Міндетті медициналық сақтандыру барша ұлт денсаулығына деген ортақ жауапкершілікті жүктейді.

Міндетті медициналық сақтандыру республика тұрғындарын бір жинақталған қордан қамтамасыз етеді. Сақтандыру жарнасын мемлекет, жұмыс беруші әрі азаматтар табыстары арқылы төлейді. Бұл ретте экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарнаны мемлекет төлейтінін атап өту керек. Аталмыш қорға жарна төлеуден босатылатын тұрғындардың денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 15 санатын белгілеп отыр. Оның ішінде он екісі — халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы. Яғни, қорға салатын қаражаты жоқ жандарға мемлекет ақша төлейді. Мысалы, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр ана» атағын алғандар, сонымен қатар, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері және мүгедектерге мемлекет тарапынан төлемдер жасалады. Жұмыссыз жүкті әйелдер мен зейнеткерлер және жұмыссыз ретінде тіркелген, тағы басқа азаматтарға да жеңілдіктер қарастырылған. Азаматтар медициналық көмекті арнайы қорға жиналған қаражат есебінен ғана ала алады деген сөз. Қарапайым тілмен айтқанда: «Шама — шарқыңа қарай төле, көмекті қажетінше ал».

МӘМС-дың қызметіне: амбулаторлық медициналық қызметтер (алғашқы көмек, консультация), стационарда емдеу, ауруханада емделу, хирургия, зертхана қызметі, рецепт бойынша берілетін кейбір дәрі—дәрмектің түрлері және басқа да қызмет түрлері жатады.

2017 жылдың маусым айында басталуы керек бұл жүйенің жұмысы 2019 жылға қарай шегерілді. Қазіргі таңда түсіндіру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Дегенмен қарапайым халыққа ақпараттың әлі де толық жеткізілмеуі себебінен кей тұрғындар бұл жүйеден шығындалып қалмаймыз ба деп қорқады.

Бұл жөнінде №1 қалалық емхананың ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Индира Жексенғалиқызы былай дейді: «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша тегін емдеу қызметтерін алуға мүмкіндігіңіз бар. Кей тұрғындар аталған жүйе бойынша қате түсінік қалыптастырып алған. Олардың ойынша, жалақыны аз тауып, қаражатты аз мөлшерде құятын болса, сол мөлшерде ғана тегін емделе алады. Олай емес. Мысалы біреу 300мың жалақы алып, айына 3мың теңге салады. Ал екіншісі 30 мың жалақы алып, 300 теңге ғана салады. Бірақ екеуі де бірдей емдеу қызметтерінен өтеді. Егер аз салым салған тұрғынның қаражаты белгілі бір операцияға жетпеуі мүмкін. Дегенмен ол тұрғынды емдеу үшін жалпы қордан қаржы алынады».  

Міндетті әлеуметік медициналық сақтандыру қажет пе?! Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін пайдалану арқылы денсаулық сақтау саласын дамытамыз, еңбек етуге қолайлы жағдай жасаймыз, үнемі өз денсаулығымызды бақылауда ұстаймыз.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама