- 13 нау. 2019 00:00
- 252
Бәріне белгілінің белгісіз қырлары
Мысыр еліндегі Гиза үстіртінде тұрған Ұлы сфинкс, ең бері болғанда, біздің дәуірімізге дейінгі 14 ғасырдан бастап иығына дейін құмға көміліп тұрды. Ол тек 1936 жылы ғана түбегейлі қазып алынды.
Юлий Цезарь шейіт болған Торре-Арджентина алаңы қазір… иесіз қаңғырып жүрген жүздеген мысықтың «қорығына» айналды.
1923 жылы бір археолог дүние жүзіне танымал Стоунхедждің түбін қазып жатып портвейн шөлмегін тауып алыпты. Оны 1802 жылы басқа архелог болашақ «жерқазарларға» арнап жазған сәлемхатын салып қалдырған екен.
1967 жылы Лондон көпірін ауыстыру туралы шешім қабылданды, өйткені ол әр жыл сайын шамамен бір дюймге (2.5 сантиметрге жуық) суға батып отырды. Осылайша «Лондон көпірі құлап бара жатыр» («London bridge is falling down») әні нағыз сәуегейлік болып шықты. Көпірді америкалық кәсіпкер Роберт МакКалахом 2,46 миллион долларға сатып алып, Аризона штатындағы Лейк-Хавасу-Сити қаласына апарып, сол жерге орнатты.
Лондондағы Биг-Бен сағатының дәлдігі британдық пеннидің (тиын) арқасында болып отыр, тура мағынасында осылай. Сағатты дұрыс жүргізу үшін, оның жүрісінің ұзақтығы мен тербеліс дүркінділігіне ықпал ететіндей қылып, тиындар маятниктің ұшына орналастырады. Бір пенниді қосып қою немесе алып тастау сағат жүрісінің жылдамдығын тәулігіне 0,4 секундқа өзгертіп отырады.
Мадридте тұрған аспаннан құлаған Люцифердің кейпіндегі мүсін болып табылатын «Жерге түскен періште» субұрқағы «кездейсоқ» түрде теңіз деңгейінен 666 метр биіктікте орнатылып қалыпты.
НАСА-ның Канаверал мүйісіндегі ғарыш кемелерін және зымыран-тасығыштарды ақтық мәрте құрастырып жинауға арналған «Тік тұрғызып құрастыру ғимаратының» үлкендігі сондай, оның өзінің ерекше ауа райы бар. Ылғалды күндері төбесінде жаңбыр жауғызатын бұлттар түзіліп қалады.
Римдегі Әулие Петер базиликасы тәубе қылған діншілдерге берілетін индульгенциялар мен күнәларын кешіру туралы айрықша грамоталарды сатудан түскен қаражатқа салынған.
Вашингтон ұлттық соборына (шіркеу) көрік беріп тұрған орасан зор мүсіндерінің бірі — «Star Wars» тағы Дарт Вейдердің дулығасы.
Жапонның Ицукусима аралында бала тууға және өлуге тыйым салынған. Бұндай пәрмен аралға атын берген синтоистік ғибадатхананың «әулиелік» қасиетін сақтап қалу үшін жасалыпты.
Париждегі Эйфель мұнарасы әр түрлі үш реңге сырланған. Атмосфералық перспектива эффектін болдырмау үшін мұнараның үстіңгі жағы ашық алтын түске, ал төменгі жағы — қоюырақ түске боялған.