Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг

1. Сәлемдесу
2. Сергіту сәті
3. «Жасырын хат, ойлан тап!»
4. «Теңізге саяхат» релаксациялы жаттығуы
5. «Алақанға жан бітір» ойыны
6. Қандай түсті ұнатады
7. Рефлексия
1. Сәлемдесу
Ұйымдастыру: 1. Амандасу.
Психолог: Біз сіздермен Бумба - Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасу керек. Қазір екі топқа бөлінеміз. 1 - топ 2 - топқа барып бір - біріңізді мұрыныңызбен үйкелейсіздер. Ал екінші топ бірінші топқа барып, бір бірлеріңізбен арқаларыңызды түйістіресіздер.
Уақыты: 10 - 15 минут
Барлық қатысушылар дөңгеленіп отырады. Әр бір қатысушы бір - екі сөзбен өзін таныстырып, бүгінгі көңіл - күймен бөліседі. Мысалы: «Менің атым Гульзат. Мен – психологпын. Бүгін көңіл күйім тамаша!»
2. Сергіту сәті: «Қасиеттер жиыны» ойыны
Қажетті құралдар: доп
Уақыты: 15 - 20 минут
Барысы: Ұстаздар ортаға шығып, дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші қолына допты алып, ортаға шығады. Кез келген қатысушының біреуіне допты лақтырып қалып, бір әріпті айтады. Допты қағып алған ойыншы сол әріптен басталатын бір қасиетті айтады. Мысалы:
Жүргізуші «Ә» әрпі
Ойыншы «Әдемі»
3. «Жасырын хат, ойлан тап!»
Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш.
Уақыты: 10 минут
Барысы: Қатысушылар 2 топқа бірігіп отырады.
Жүргізуші: Ерте - ерте - ертеде..... әлі адамдар әріп танымаған уақытта да, олар бір - біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:
«Бүгін маған сағат кешкі 6 - да телефон соқшы» - 1 топқа арналған хат. «Жексенбі күні сағат 15. 00 - де менің туған күніме кел» топқа арналған хат.
Ұстаздар өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.
4. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.
Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып - жылы әрі жұп - жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!
Қандай сезімде болдыңыз? Не сездіңіз?
5. Қандай түсті ұнатады.
1. Ақ қой. Сіз өмірге құмар адамсыз. Сіз әрқашан күлімсіреп жүресіз, бірақ ішіңіздегі қайғыларыңызды көрсетпейсіз. Сізді бәрі жақсы көреді.
2. Қоңыр қой. Сіз қызғаншақсыз. Өзіңіздің заттарыңызды басқаларға бере алмайсыз. Махаббатта да, сіздің сүйіктіңізге басқалар қараса да ұрыс шығарасыз. Бірақ сіздің мінезіңізге бола сіздің достарыңыз сізді жақсы көреді.
3. Жасыл қой. Сіз көңілді адамсыз. Адамдарға тез сеніп қаласыз. Бірақ сіздің сыпайлығыңызбен қолданып адамдар көп жылатады. Сіз бүкіл әлемді сүйесіз. Барлық адамдар сіз үшін бауырлар.
4. Қара қой. Сіз реалистсіз. Бір жанды өмір бойы сүйіп өте аласыз. Сіз ешкімді алдамауға тырысасыз. Бірақ өтіріктен қатты шеберсіз.
5. Көк қой. Сіз реалистсіз. Әлемге ашық көзбен қарайсыз. Сіз өтірікті тез біліп қоясыз. Көбісі сізге ұқсағысы келеді.
6. Қызыл қой. Сіз энергияға толы жансыз. Сіз кез келген тез әрі сапалы істей аласыз. Көбісі сізден үйреніп жүреді. Сіз ешнәрседен қорықпайсыз.
7. Қызғылт қой. Сіз өте ашық жансыз. Сіз сыйлықтар таратуды жақсы көресіз. Сүйгенде өте қатты сүйіп қаласыз, ал махаббатыңыз жауапсыз болса өз - өзіңді жылатып азап шегесіз.
8. Сұр қой. Сіз жуас жансыз. Сізде өте аз дос бар. Бірақ достарыңыз өте адал. Сізге жамандық жасаса, сіз оны кешіре саласыз. Сіз жалқаулықты жақсы көресіз.
9. Қызғылт сары түс. Сіз өте намысшыл жансыз. Сіз жамандықты ешқашан кешірмейсіз. Ал керекті кезде жамандықты екі есе жамандықпен қайтарасыз. Адамдар сізді құрметтейді, бірақ қорқады.
6. «Алақанға жан бітір» ойыны.
Жүргізуші альбом парағына алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз...... салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу. Соңында неге олай атағандықтары туралы айтып беру.
7. Рефлексия:
Шырақ жағылып, бірінші ұстазға беріледі. Ол бүгінгі психологиялық сабақ туралы өз ойын, алған әсерін 3 сөзбен ғана білдіріп, шырақты келесі мұғалімге береді. Шырақ барлығының қолынан өткеннен кейін, жүргізуші шырақты өз қолына алып, барлық қатысушыларға алғысын білдіреді. Рахмет.
Педагог – психолог: Бимолдина Гульзат Сейдахметовна
Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг жүктеу