Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 13 сағат бұрын)
Тәуелсіздік символы — ұлттық валюта
Тәуелсіздік символы — ұлттық валюта
Мақсаты: Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі — теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру.
Оқушылардың бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту.
Елін, жерін сүйіп құрмет тұтатын жас жеткіншектерді елжандыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, теңгелер, әртүрлі валюталар.

Барысы: Ұйымдастыру. Ән: Қазақстан жалауы»
Ұйымдастыру кезеңі
Қымбатты оқушылар! Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 25 жылдан асты. Тәуелсіздікке арналған іс - шаралар мектебімізде жалғасып жатыр. Сендер тәуелсіздік туралы не айтасыңдар?
Ассоциация» жаттығуы
- Балалар, Қазақстан Республикасы дегенде ойларыңа не келеді?
- Өз ойларыңды мына карточкаларға үш сөз жазып, ағашқа жапсырыңдар.
- Иә, «Қазақстан – біздің Отанымыз» деген сөзде Осы сөзге сыятын барлық сөзді атау мүмкін емес Отан - ол кең даламыз Астана, Президент, ту, әнұран, елтаңба – бұл біздің тарихымыз.
- Балалар, біз бүгін біздің сабағымызды мына күннің көзіндегі сәулелер арқылы жүргіземіз.
І сәуле. «Теңгенің шығу тарихы»
ІІ сәуле.«Теңге — ұлттық табыстың кепілі»
ІІІ. сәуле. «Теңге алу»ойыны
ІҮ сәуле. «Ақша туралы мақал - мәтелдер»

І бөлім. «Теңгенің шығу тарихы»
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта теңгені енгізу Қазақстан Республикасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болды.
Ақша, теңге туралы не білесіңдер?
Валюта – осы елде пайдаланылатын ресми мемлекеттік ұлттық ақша бірлігі. Ұлттық валюта – елдің ақша бірлігі.
Ерте заманда ақша рөлін мал, аң терісі, Қытайда - шай, тұз атқарған. Қазақстанда тоқты немесе саулық қой атқарған. Ақшаның пайда болуы тауар өндірісінің дамуына және халықтар арасында қарым - қатынастың ұлғаюының нәтижесінде ақша рөлі түрлі металлдарға ауыса бастады. Өйткені металл әсіресе, алтын, күміс ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Қазақ елі Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан, ақша жасау, оны айналымға енгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған Тараз, Отырар қалаларында қола, мыс теңгелер соғылған. Бұл ақшалар ел экономикасында ерекше міндет атқарған.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге. Ол 1993 жылғы 15 қарашада айналымға енгізілді. Теңге бейнеленуі, орындалуы және қорғалуы тұрғысынан әлемдегі әдемі, заман талабына сай жасалған ақша белгілерінің бірі. Кескін - келбетін жасауға Қазақстан Дизайнерлер Одағының басшысы Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсал Дүзелхановтардың қосқан үлестері қомақты. Бүгін де теңгеміз тұрақты валюта ретінде өз міндетін мүлтіксіз атқарып келе жатыр. Қазір айналыста негізінен 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік қағаз ақша (банкнот) қолданылуда. Құны төмен, күнделікті көп қолданылатын қағаз ақша тез тозады. Сондықтан оларды металдан тиын түрінде жасады.
- Балалар өмірде әртүрлі жағдайлар болады. Мен сендерге әртүрлі жағдайлар дайындадым. Соларды оқып, содан шығудың жолдарын қарастырыңдар.

ІІ бөлім.« Теңге — ұлттық табыстың кепілі»
1-жағдай Сен анаңмен бірге базарға денешынықтыру сабағына аяқ киім алуға бардың. Аралап жүріп 300 теңге тұратын машинаны ұнатып қалдың. Сен машинаны алғың келді. Ал анаңда бары 600теңге ғана... Сенің әрекетің....

2-жағдай Биылғы оқу жылында ана тілі оқулығы жетіспейді. Базардағы оқулық бағасы 450 теңге. Анаң таныстардан ескі, мұқабасы жыртық кітап тауып берді. Сенің іс әрекетің.....
3-жағдай Мұғалім бүгін сағат екіде цирк болатынын айтты. Билет бағасы 100 теңге. Сондай - ақ ағылшын кітабын алуың керек. Ол 130 теңге. Қайсысын таңдайсың? Әрекетің.....
Мінекей, сендердің тапқырлықтарың кез келген жағдайдан шыға білетіндіктеріңді көрсетіп тұр.
Ал сендер отбасы байлығын толықтыруға қалай көмектесе аласыңдар?

Көрініс.
Әкесінің екі ұлы болыпты. Бірі Асан және Сапар. Әкесі алыс жолға шығып бара жатып балаларын шақырып алып былай дейді:
Міне сендерге менің байлығымның бір бөлігі. Бір жылдан соң ораламын. Сонда сендер менің байлығымды қалай сақтағандарыңды көреміз дейді.
Қысқа ма ұзақ па уақыт өтке соң әкесі келіп балаларын көріп қауышқан соң балаларынан сұрайды:
- Ал, балаларым, мен жоқта қалай тұрдыңдар? Менің байлығымды қалай сақтадыңдар?
Сапар жер астындағы орынға түсіп, әкесі берген алтын ақшаны алып шығып – Міне, әке сенің берген ақша. Қарашы қалай сақтағанымды.
Әкесі ақшаны алды да Асанға бұрылды. Ал, сен ше?
Асан күлімсіреді де қалтасынан 5 алтын ақшаны алып берді.
- Мен сен берген ақшаға бір сиыр сатып алдым. Оны жақсылап күтіп едім сүтті көп берді. Оны біз іштік. Артылғанын сатып отырдық. Міне, сен берген ақша 5 - еу болды және бір сиыр қорада тұр.

2.«Әр елде — өз валютасы» Қырғызстанда -/сом/ Ресейде -/рубль/ Германияда — /марка/ Америкада — / доллар/ Ұлыбританияда -/фунт/ Украинада — /гривна/
/ стерлинг/ /карбовенец Қытайда — / юань/ Тәжікстанда — /манат/ Өзбекстанда — /сум Түркияда -/ лира / Латвияда - / лат / Кореяда — / йена

Балар қалай ойлайсыңдар, байлық неден құралады? Еңбектен.
ІҮ сәуле. «Ақша туралы мақал - мәтелдер»
Әр отбасы ақшаның құнын бағалау керек. Оны орынды жұмсай білу керек. Халық арасындағы ақша жайында мақал мәтелдерді еске түсірейік.
1. Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.

2. Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.

3. Есепсіз дүние жоқ.
4. Базары жақын байымас.

Терең оймен, шебер тілмен айтылған халық шығармаларында бірде Қазыбек би Төле биге кедейлік неден деп сұрақ беріпті. Сонда Төле би:
- Кедейлік үш ағайынды. Оның тұңғышы кежірлік, ортаншысы - еріншектік, кенжесі - ұйқы. Осы үшеуін бойына үйір қылмаған адам кедей болмайды,- деп жауап берген екен.
Мен «Теңгемін, теңгемін!» Қазақ деген елденмін. Тәуелсіздік - тұғырым, Жарқын менің ғұмырым! Теңге теңге, теңгелер, Теңге адамға дем берер. Тіршіліктің арбасы, Теңгеменен дөңгелер.
«Теңге алу» ойыны

6. Сұрақ – жауап
Мұғалім: Біздің Отанымыз — егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Қорытынды шығару: Ақша еңбекпен, біліммен келеді.

Қорытынды yәтижесінде: Еліміздің экономикасын дамытушы, жоғары икемді, ұқыпты тұлға біз боламыз!

Солтүстік Қазақстан облысы,
Тайынша ауданы, Зеленый Гай селосы
Зеленогай орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі
Ергалиева Асель Слямшовна

Слайдын жүктеу
15 қараша ұлттық валюта теңге күніне арналған слайдты жүктеу​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама