- 30 қар. 2021 00:00
- 395
Мускат жаңғағы салынған печенье
Қант пен жұмыртқа араластырылып, он бес минут бойы шайқалады. Мұқият тазаланған бадам ұсақтап туралады да оған қосатын басқа заттармен қосып араластырылады. Үстіне ұн қосылып, қатты қамыр иленеді. Содан соң қамыр жайылып, әр түрлі етіліп кесіледі де қызуы орташа духовкаға салып пісіріледі.
Бұл тағамды жасау үшін:
250 грамм қант
250 грамм тәтті бадам
2 жұмыртқа
8 грамнан дәм қабық пен мускат жаңғағы
4 грамм қалампыр
Бір шай қасық лимон қышқылы
Екі ас қасық ұн жұмсалады.