Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
"Неге Қабатов болмайсыз?": Шоуменнің жұбайы желідегі сыншыларға жауап берді

Танымал шоумен Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызы желідегі белсенділердің сынына жауап берді. Ол өзгелердің өмірін талқылап, жағымсыз пікір білдіретіндерге қарата айтты.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Өздеріңіз не бітірдіңіздер?"

Айман Талғатқызының айтуынша, адамдардың басқалардың өмірін талқылауға уақыты жетпей, өздерінің өмірлеріне назар аударуы керек.

"Егер мықты болсаң, қазақ үшін, ел үшін, жер үшін бір нәрсе ойлап тап, пайдаңды тигіз. Содан кейін барып біреуді талқылап, мұрныңды шұқып айтарыңды айт. Бірақ өкінішке орай, біздің қоғамда ондайлар жоқтың қасы. Көріп отырмыз, кейбір әйелдер біреуді даттап отырып, өзінің жақын құрбысына қатты тиіп жатқанын сезбейді. Біреудің екінші әйелімен дос болып жүріп, басқа біреуді әңгіме қылады. Бір әйелді көтеріп, бір әйелді түсіріп отырғанын көріп жатырмыз. Екіжүзділік қайда жатыр? Бірақ өздерінің қолынан келетін бір іс жоқ. "Қазаққа жаудың керегі жоқ" деген сөз рас екен", - деді ол.

"Неге сіз Қабатов бола алмайсыз?"

Шоуменнің жұбайы Тұрсынбек Қабатовтың жетістіктеріне де тоқталды.

"Кімнің кім екенін де көрдік, естідік, түсіндік. Құс секілді қанатымызды бір қағып жіберіп, әрі қарай ұшып барамыз. Оған ешкімнің таласы жоқ. Қабатовты Қабатов қылған – бір Алла және тынымсыз еңбегі. Неге сіз Қабатов бола алмайсыз мысалы? Бола алмайсыз. Ең болмағанда әлеуметтік желіден бір нәрсе пісіріп, неге атың шықпай жатыр? Оны да жасай алмайсың, бірақ өсек айтқанда, қарғағанда алдыңа жан салмайсың. Себебі сен Қабатов емессің. Әр сөздің жаны бар. Алла әр жанды ерекше дарынмен жаратады. Маңдайына жазады", - деп қорытындылады Айман Талғатқызы.

Жаңалықтар

Жарнама