Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 49 минут бұрын)
Норвегия Олимпиадада алтыншы рет топ жарды: Медаль үшін ақша төлемейтін елдің құпиясы неде?

XXV Қысқы Олимпиада ойындарында Норвегия құрамасы жалпы есепте бірінші орын алды. Бірақ бұл ел спортшыларына медаль үшін ақшалай сыйақы бермейді. Олардың табыс формуласы қандай?

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Норвегияның жеңіс формуласы

Милан мен Кортинада өткен 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында Норвегия құрамасы 18 алтын, 12 күміс және 11 қола, барлығы 41 медаль иеленіп, бірінші орынды иеленді. Екінші орынға АҚШ (12-12-9, барлығы 33 медаль), үшінші орынға Италия (10-6-14, барлығы 30 медаль) жайғасты.

Ақша емес, жүйелі қолдау

Қызығы сол, Норвегияда Олимпиада жүлдегерлеріне біржолғы ақшалай сыйақы қарастырылмаған. Оның орнына, спортшылар жылына шамамен 17 мың доллар (8,4 млн теңге) көлемінде жылдық шәкіртақы алады. Бұл қаражатты бірнеше жыл бойы алуға болады. Forbes басылымының хабарлауынша, норвегиялықтар нақты нәтиже үшін берілетін бонусқа емес, даярлықты жүйелі қаржыландыруға, федерациялардың жұмысына және спортшыларды ұзақ мерзімді қолдауға басымдық береді. Ұлыбритания мен Ирландияда да осындай жүйе қолданылады.

Басқа елдердегі сыйақы

АҚШ-та алтын медаль үшін 37 500 доллар (18,5 млн теңге), күміс үшін 22 500 (11,1 млн теңге), қола үшін 15 000 (7,4 млн теңге) төленеді. Ойындардың иесі ретінде Италия алтын медаль үшін шамамен 213 мың доллар (105,4 млн теңге) қарастырған.

Салыстырмалы түрде, Қазақстандағы сыйақы мөлшері жоғары: алтынға – 250 000 доллар (123,7 млн теңге), күміске – 150 000 (74,2 млн теңге), қолаға – 75 000 (37,1 млн теңге). Биылғы Олимпиадада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров алтын медаль иеленді.

Жаңалықтар

Жарнама