- 26 ақп. 2020 00:00
- 209
Өкпешіл бала
Бір өкпеші бала болыпты, әке-шешесі оған көп ақыл айтыпты, ұрысып та көріпті. Бірақ бала өзінің өкпешіл жаман әдетін қоймапты. Ақыры әке-шешесі ел ішіндегі бір ақылгөй адамнан ақыл сұрапты. Алайда бұл ақылгөй ақыл айтқанды былай қойып, баланың әке-шешесіне:
— Сендер балаға тойғызып тамақ бермейсіңдер, әйтпесе оның өкпелеуі мүмкін емес, — деп кінә тағыпты. Баланың әке-шешесі бұған мойынсал болмай, істің шынына әлгі кісінің көзін жеткізбек болып балаға тамақты мол дайындапты. Кешке бала қойдан келгенде, әдейі дайындалған мол тамақ алдына қойылыпты. Мұны көрген өкпеші бала:
— Маған мынадай көп қойғанда, өздерің қаншама көп жеді екенсіңдер, — деп өкпелеп жата кетіпті.