Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Омарбек батыр - қазақ рухының көшбасшысы

«Батыр жалғыз болмайды, егер ол халық үшін жақсылық қылса» қазақ тарихында бұл сөз бекер айтылмаған. Батыр - бұл соғыстағы батыр тұлға ғана емес, ол өзінің кәсіби қызметіне соғыс өнерін арнаған, бүкіл өмірін соғыста өткізген және жауынгерлер әулетін жалғастырған рухы мен денесі мықты адам. Батыр-халықтың ұлы. Бұл хан билігімен тығыз байланыста бола отырып, мемлекеттік істерге белсене араласатын көшпелі қоғамның ерекше шоғыры. Батырлардың өз мәдениеті, өнері, идеологиясы мен моральдық нормалары, салт-дәстүрлері, сенімдері мен сенімдері болды.

Міне, елім деп, жерім деп жанын отқа да, шоққа да қиған батырлар бейнесі келер ұрпақ алдындағы асыл мұра. Өскелең ұрпаққа тәрбие беру, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру қазіргі қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Белгілі қоғам қайраткері, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының елдікті көрсететін патриоттық мағынаға толы көркем туындысы «Кек» романы азаматтарда жоғары патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық сезімін, тарихи құндылықтарды және мемлекеттің әлем тағдырындағы рөлін зерделеу негізінде мағыналы сөздерімен ерекшеленеді. Шығармадағы басты кейіпкер Омарбектің бейнесі, өзгешелігі, оның рухты сөздері адамды ерекше күйге түсіреді.

Патша өкіметі кезінде де қуғын-сүргін күндерді басынан өткізген Омарбек батыр 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Жетісудағы Бекболат Әшекеевтің оң қолы болып, халықты үйымдастыруға белсенді түрде араласып, түрмеге қамалып, одан Сібірге айдалған.

Омарбектің саналы ғұмыры аласапыран кезеңдермен өтті. Көпшіліктің ұғымында - ол қайталанбас тұлға, халық қаһарманы, күрделі тұлға. Омарбек Жантайұлы ХХғ 30 жылдарындағы Ресейлік патша мен Кеңес үіметі кезіндегі қазақ халқына деген қысымына қарсы күрескен батыр,әділеттік жолында елі үшін күюге еш қорықпаған қаһарман. Оның бойында жігер-күшпен бірге намыс, тәуекелділік, парасаттылық, ақылдылық, жүректілік дегендей асыл қасиеттері бар ерекше азамат, нағыз батыр. Ұжымдастыру атты ұнамсыз науқанға қарсы болып, Суықтөбе тауында мыңға жуық көтерілісшілерді басқарып, үш жыл шайқасқан.

Бай баласы болса да кеңпейіл, әділдікке жаны құмар, жүректі, батыл Омарбек кедей балаларына қамқорлық танытып, үйінен ет пен нан тасып, қарындарын тойғызғанына көңілі жайланатын. Өзімен теңдес бай балаларымен емес, кедей балаларымен көбірек дос болғанды ұнатады. Бала кезінен айналасындағы шарасыз жандарға жаны ашып, әділдік пен әділетсіздіктің ара жігін ажыратып өседі.

Қазақ ауылдарынан мал ұрлайтын қырғыз барымташыларымен, өз ауылындағы басбұзар тентектермен, озбыр болыс-старшындармен ашық күреске түседі. Болыс-старшындар үстінен арыз жазып, қаматады. Алайда, әрдайым абақтыдан екі жетіден артық жатпай босап шығады. Кедейге көрсеткен жақсылығы – көпшілік би-болыстар мен байлар тарапынан жамандық болып қайтып, әділдік үшін күрескені – үкімет тарапынан «бұзықтық» болып саналып, қанша қиындық көрсе де қайсарлығынан қайтпайтын. Шындық пен әділет жолында күресем деген сертінен қайтпай, еш мойымаған. [19бет]

«Жан дүниесінде тасқындап тұрған бір асқақ жігер-қуат тұратын. Сондай шат жігерімен кеудесін кере ешкімге бас ұрмайтын, ешкімнің пәрменімен жүрмейтін, бәріне азат, әмбеден еркін болуды аңсайтын»,-деп баяндалған шығарма желісінен Омарбек батырдың жігерлі, мықты сонымен қатар  өзінің еркіндігін бағалайтынын азат жан екенің аңғартуға болады. 

... Ел ішінде орыс ұлықтар мен ояздарға қарсы ұрыс басталды. «Еш қорықпаңдар, бауырлар! Солдаттардың мылтықтары болғанымен, сандары азғантай ғана ...» - деп ұран салған Омарбек, сарбаздарға жігер беріп отырды. Мылтығын аспанға көтерген Омарбек ылдидағы отрядты беттеп шаба жөнелді. Екі қанатпен шапқан отряд пен қазақтардың арасы жақындап қалғанда, айналаны гүрсілдеген мылтық дауысы басты. Міне, осылай Омарбек батырдың батырлығы, қайсарлығы анық өз көрінісін берді.

Қазіргі уақытта Беріктас ауылында, Ақтерек ауылына қарай олар күнгейге де бет алды. Омарбек батыр екі жылдан астам уақыт бойы аймақта жасырынып, Қызыл Армияға қарсы әрекет етеді. Оның басшылығымен көтерілісшілер саны 300-400 отрядқа жетті. Қарақыстақ маңындағы шалтабай, Сыпатай отрядтары Омарбекті батыр және осы аймақтағы көтерілісшілердің рухани көсемі деп санады.

Ендігі осы шығармада баяндалған арпалыс кезіндегі Омарбектің көш бастаған елдікті көрсететін патриоттық мағыналы сөздерді талдап өтсек:

«... Үш жігіт ауыл ауыл ортасындағы Манақтың үйіне қрай кеткенде, Омарбек мұнда не оймен келгендігін және қандай әрекет жоспарлағанын тобындағыларға жайып салды:

- Жазған қазақтың нешеме жылдардан бері келімсек орыстардан азап көріп, жазықсыз жапа шегіп келе жатқаны бәріңе аян. Бұған қашанғы шыдауға болады. Мейлі, бұрынғы бабалар қаруынан қорқып бас иді делік.

Ал қазіргі біздердегі не қорқақтық? Келімсек атқан мылтықты біз де ата аламыз ғой. Ол шапқан қылышты біз де шаба аламыз ғой…[49-бет], деп қазақ жігіттерінің намысын оятып отырған.

Білдей жандарм бастығы мен керілген ұлықтарды атып өлтіру – аса үлкен қылмыс екенін, қолға түссе, өздерін азапты өлім жазасы күтіп тұрғанын, ал қолға түспесе былайғы өмірлері қуғындалумен, ғұмырлары қашқышдықпен өтетіндері – алғашқыда көңілдері тасып отырған олардың ойларына да келмепті. Шеттерінен даурығып, біраз басылғанда Омарбек:

- Иә, жігіттер бүгінгі ісіміз – қазақтың орыс ұлықтарына кеткен талай жылғы кегінің баір қайтарымы болды. Ата-бабаларымыз бен біздің кегіміз екі-үш ұлықтардың өлімімен қайтпасы белгілі. Ол үшін талай ұрыс керек. Күллі қазақ көтерілетін өте үлкен көтеріліс қажет[57-бет] .

Үлкенсаздың ортасында алқызыл, сары , көк түсті жібек маталары жай ескен майда қоңыр самалмен желбіреген шатырлы үй ішінде жан-жақтағы ауылдардың сөзбастар, қолбастар ақсақалдары мен ел-ағалары, батыр-ерлері  жиылыпты. «Жаз түсіп, қым-қуат тіршілік басталғанда, қазақ егін орып, шөп шауып, қыстың қамын жасайтын нағыз маусымда патша елден жұмысқа жарамды, шаруаға икемді жігіттерді халықтың еркіне қарамай, жұрттың пікірімен санаспай, батыста жүріп жатқан әлдеқандай соғысқа әкетпекші екен...

Мейлі, ол соғысқа кіріскен ақ патшаның бір ойы бар шығар дейік. Құзырындағы елдің сансыз сарбаздарын өлімге айдап, бостан-босқа ажалға айдап отырғаны да өз шаруасы ғой дейік. Бірақ, сол майданға дәл мынадай ауыл арасындағы науқан қызып тұрған шақта мұсылманның бар жарамды жігіттерін тасып, өз сарбаздарымен бірге оққа байламақ екен...» деген сөздерден кейін сөз алған Омарбек батыр қызулана:

- ... Бұл соғыста әрбір қазақ қару алып, сапқа тұруы – парыз, ерлік көрсетуі – міндет. [119-бет]

Үлкенсазда осы сынды жиналған мыңдаған қазақтың намысын қайраған ұрандар көптеп айтылды.

... Енді Омарбек те атылу жазасына кесіледі. Бірақ атылуға кетпейтін бір амалы бар. Анада орыс отрядары көтерілген киргиздарды қан-жоса етіп басқанда бірталай қарақшы-сардарлар қолға түспей қашып кетіпті. Олардың арасында Омарбекпен жақын орналасқан Мақыш, Қашаған,Тоқаш Бокин сынды жауларымыз бар. Енді бұл соларды ұстап беруге көмектессе, қатаң жазадан қтылады. Егер айтқанмен жүрмесе, ұсынысқа көнбесе, ит өліммен өлтіріледі. « - Мырзаның айтқанына көн ...» деген тілмашқа Омарбек:

- Мен өлсем өлейін, бірақ қандыкөйлек достарымды тірімде сатпаспын. [200-бет], осы жерден Омарбек батырдың досқа адалдығын көруге болады.

Жігіттер, қатын сияқты тоғайға тығылғанша, өлгеніміз жақсы! Уа, тұрыңдар орындарыңнан! Аттаныңдар сонымнан! [-160 бет], деген рухты сөздерінен бойында таза қазақтың қаны тулап тұр.

«Бүкіл қазақ елін адам құрлы көрмей басынғандарың үлкен батырсыңдар, жұртқа кеңес бергендеріңде - ақылдысыңдар, ауылдағы момын қауымды жөнсіз қинағандарыңды - әкімсіңдер ал қолға түсіп бастарыңа күн туғанда - кінәні біреуден іздейтін амалсыз адам бола қаласыңдар»[369- бет] , сынды сөздермен сынын ашық айтып, ешкімнен қорықпаған.

Бірақ аш отырған елге бір көмегім тимесе, несіне Омарбекпін [392-бет], - деп елі мен жерін қорғауды азаматтық борышы деп түсінген.

Міне осындай Омарбек батырдың көркем бейнесі, оның бар болмысын толығымен сипаттап тұрғандай. Жанында жүрген сатқынның кесірінен қызыл әскер қолынан қолынан қаза тапты.

Қазақ азаматының бойында болу керек қасиеттердің барлығы Омарбектің бойында бар. Омарбек Жантайұлы өн-бойында күш-жігері тасыған, тәуекелшіл, қайсалы мінез бен табандылық сияқты асыл қасиеттерге ие бірегей азамат, нағыз батыр. Батырдың көркем бейнесін «Кек» шығармасынан толықтай байқауға болады.

Отанның бүгіні мен болашағы үшін белсенді, адал еңбек етуге үйретуге бағыттауда осындай шығармалардың алар орны ерекше. Əрбір адам игерген əлеуметтік жəне ұлттық құндылықтар рухани табандылықтың, ерлік пен батырлықтың қайнар көзі, қиын жағдайда Отан алдындағы борышты адал атқаруға бастайтын рухани күш болуға тиіс. Отанға деген сүйіспеншілік - асыл сезім, ол қазақстандық патриотизм ұғымымен тығыз байланысты. Осындай түсінікпен, көп ұлттылыққа қарамастан, жаңа Қазақстанның көкжиегі көрінеді.

Болашақ мамандар ретінде өз біліктілігімізді арттырып, қазақ әдебиетінің жаһандануына, Омарбек Жантайұлы сынды сан салалы ғұмырын осы әділетсіздік пен қатыгездікпен күресумен өткізген батырларымызды, тарихи тұлғаларымызды насихаттау, олардан үлгі алу біздің парызымыз іспетті!

Қастер Айжан


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама