Оқушылардың қозғалыс белсенділігін қалыптастыру – жарқын даму айғағы
Қазіргі уақытта әлеуметтік – экономикалық жағдайдың төмендеуі және экологиялық жағдайдың бұзылуы бүкіл халықтың, әсіресе, жас ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Елбасының "Қазақстан - 2030" бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл - ауқаты тармағында азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы, оларды қоршаған ортаның таза болуы үшін азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі көрсетілген. Егемен елдің туын көкке көтеретін, әрине, өркениетті ұрпақ. Ендеше сол елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек
Өкінішке орай, қазіргі кезде жасөспірімдердің бір бөлігі салауатты өмір салтына қайшы келетін іс - әрекеттерге баратыны барлығымызға белгілі жайт. Сондықтан бүгін білім беру жүйесінде еліміздің өсіп өркендеуіне сай, қоғамдық өмірге икемделген дені сау ұрпақ тәрбиелеу кезек күттірмес міндет. Себебі мектептегі барлық жұмыстың бағыты салауатты өмір салтының негізгі құралдарын орындау болып табылады, яғни баланың
- денсаулыққа деген көзқарасын тәрбиелеу
- жас кезден бастап дұрыс тамақтануы
- жас кезден бастап белсенді демалыс мәдениетін, қозғалыстың қажеттігін тәрбиелеу
- зиянды әдеттердің алдын – алу, осы заттардың зиянын түсіндіру.
Ертеде гректер былай айтқан екен:"Әдемі болғың келеме - жүгір, денің сау болғың келеме - жүгір, ақылды болғың келеме - жүгір". Шынында да, қазіргі күнгі дәлелдер бойынша адамның ақылдылығы оның қимыл әрекетімен түсіндіріледі. Бірақ қазіргі адамдарда сауығу жаттығуын жасау күннен - күнге қиын болып барады. Адамдар көп уақытын қозғалыссыз яғни гиподинамия жағдайында өткізеді. Гиподинамия - қазіргі кезде көптеген аурулардың бір себебі. Қазіргі күні физикалық ауыртпалық адам үшін бірінші реттік қажет болып отыр, өйткені бұлшық еттер жүйесі өзінің қызметтік кемістігінің өсіп отырғанын сезуде. Қандайда бір физикалық ауыртпалықта организм толығымен белсенеді. жүйке жүйесі, жүрек жұмысы, реттелу, оттегі және энергиямен қамтамасыз етілу.
Ал қозғалыс болмаған жағдайда бұлшық етпен сүйек ұлпалары атрофияға ұшырап, өкпе сиымдылығы азаяды, ең бастысы – қаңқа бұлшық еттерімен байланысты жүрек тамыр жүйесі бұзылады. Қозғалыс жүйесіндегі қызметте тыныс алудың маңызы да өте зор. себебі ол ағзаны оттегімен қамтамасыз етіп қанға өткізіп отырады. Жүрек - тамыр жүйесі және тыныс алу жүйесі де шынығуды қажет етеді, бұл жерде бірінші орынды физикалық жүктеме, оның ішінде жүгіру алады. Жақсы тамақтанғанмен, физикалық жүктеме аз болса, ағзаның өсуі мен дамуы нашарлайды, немесе тоқталады. Негізінен өсу және даму үшін тамақтанып қана қоймау керек, оған белсенді физикалық жүктеме керек, сонда ғана қабылданған тағамдық заттар жақсы қорытылады. Неліктен жүгіруге бірінші ретті мән беріледі. Себебі, ол ағзаны барлық жүктемемен қамтамасыз етеді. Әр түрлі физикалық жаттығулар белгілі бір бұлшық еттер тобын шынықтыруға арналған, ал жүгіруді жалпы ауыртпалық деп айтуға болады. Жүгіру ағзаға пайдалы. Жүрек, қарын, ішек, бауыр, бүйрек және басқада мүшелер миллион жыл бұрын қозғалу, жүгіру барысында қалыптасқан. Зерттеу нәтижелері тексерілгендей жүгіретін адамдардың жүрек тамырлары басқа қарапайым адамдарға қарағанда кең болатынын анықтаған. Ешқандай жерде жүгірушінің жүрек талмасынан қайтыс болғаны тіркелмеген. Жүгіру барысында жүрек жұмысы екі есе үнемделеді оттегінің ұлпада қолданылуы өседі, қан қысымы төмендеп, пульс жиілігі 40және оданда азаяды. Қимылдың тапшылығы жүректің жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Өскелең организмге сыртқы күштің әр түрлі жағымсыз әсерінен омыртқа жотасы, аяқ, табан құрлысы, пішіні өзгеріп кетеді. Олар іштен туа және жүре пайда болған деп екіге бөлінеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.