Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Орталық мемлекеттік музейге сапар

Біз барған Орталық Музейде көптеген шынайы тарихи экспонанттарды қарастырдық. Тіпті сәтті түскені, сол күні (21.04) Ораза-Айт мерейтойына орай концерттік кеш ұйымдастырылған екен. Үлкен қазақтың дәстүрлі киім мен мәдениет бөлмесінде тамаша ән мен күйдің ортасында ләззат алу ерекше болды. Музейге барудың бір қызығы, ол өз білімімізді шынайы экспонат ретінде көре отыра, мұғалімнің қосымша ақпаратымен әр заманның атмосферасын сезіне алдық. Мысалы, алтын адам киім үлгісі, сақ заманның тобырлары мен бет-әлпеті маған ерекше қызық болды, дәстүрлі киім мен әшекейлерінің айырмашылығын байқай алдық.

Мен Тулегенова Бибигуль,21 сәуір күні группамызбен музейге барған болатынмын. Музей өте қатты ұнап,тек жақсы әсер қалдырды.Өйткені экскурсия кезінде біз тас дәуірінен бастап,қазіргі президентіміз Тоқаевқа дейінгі жеткен ескерткіш, ежелгі адамдардың еңбек құралдарымен танысқан болатынбыз. Сол кездегі мен үшін ең қызық болған дүние,музейде уақытына қарамастан, адамдардың көп болуы, соның ішінде шет ел азаматтарының көп болуы маған өте ұнады. Әр ескерткішпен суретке түсіп,аудармашымен жүріп,әр затқа құлшынысына қарап ішімнен мәз болып жүрдім.Ежелгі адамдардың киімдерінің сақталуы,киімдерінің қандай болғанын көрсетуі,тіпті бір тарихи сәттің макетын жасап қою- музейге деген қызығушылығымызды ашқан еді. Әлі бұл музейге талай келемін деген үміттемін.
"Әлеуметтану" мамандығының 1-курс студенті Тулегенова Бибигуль т.ғ.к., аға оқытушы Жұмаділ М.Т. оқытушы Әкімбек Ж.А.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама