Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез - келген бала да, адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.
Ойын - дегеніміз не? Ойын дегеніміз - халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл - ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Сондықтан кез - келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек.
Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалардың өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болу мүмкін. Сюжетті - рөлді ойындар бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдіруге болады.
«Ұлттық қазақ ойындары: «Қыз қуу», «Орамал тастау, «Асықтар», «Бәйге» ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы: «Қуыршаққа қонаққа бару», «Мен кіммін», «Қуыршақты киіндіреміз», «Шарбақты құрастыру», «Көлемі бойынша қой» деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Мен кез келген ойын түрлерін сабағымның тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты - бір нәрсе жайында сұралып, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.
Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті - рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы, сатып алушының әрекеттеріне еліктейді. «Шаштараз», «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдіруге болады. Педагог өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға, өз тобындағы сюжетті - рөлді ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс.
Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т. б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті - рөлді ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертегі айтып берсең бар ынтасымен тыңдайды. Ертегі балалардың ой - қиялын, сөздік қорын дамытады.
Құрылымдық ойындар - балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құбылыстарды және соларға байланысты іс - әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті - рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т. б. ірі құрлыстар салады.
Дидактикалық ойындар кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық»- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті - қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, әдебиет, сабақтарында жиі қолданады.
Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт - бағдармен, тыныс - тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез - келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата - анасына берілген тәлім - тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз.
Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс - әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі - ойын әрекеті.
Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан - жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу - бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын - балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.
Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап - ақ маңындағылармен қарым - қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді.
Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.
Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті - рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы
"Балауса" балабақшасы тәрбиеші Сисенова Жадыра
Толық нұсқасын жүктеу