Photo: Pixabay (https://www.pexels.com/@pixabay) / Pexels
- 10 ақп. 2026 19:01
- 20
Павлодардағы мұғалімдер Қазақстан туын өртеді: Білім басқармасы түсінік берді
Әлеуметтік желіде Қазақстанның мемлекеттік туы мен елтаңбасын жойып жатқан бір топ адамның видеосы пайда болды. Видеодағы топ Павлодар қаласындағы М. Жүсіп атындағы мектептің мұғалімдері екені анықталды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәселенің мән-жайы
Облыстық білім басқармасы бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Олардың айтуынша, 5 ақпан күні М. Жүсіп атындағы мектепте Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы №137 бұйрығына сәйкес, ұлттық стандарттарға және техникалық талаптарға сәйкес келмейтін заттарды жою жұмыстары жүргізілген.
Бұл рәсім тиісті актімен ресімделген. Видеоға түсіру тек қызметтік мақсатта жүргізіліп, таратуға арналмаған.
Тәртіптік жаза
Аталған іс-шараны ұйымдастыру мен өткізу тәртібін жеткіліксіз бақылағаны үшін мектеп басшылығына қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
Бұған дейін Алматы облысының Ұйғыр ауданында бір топ адам Қытай туын көрсетіп өртеген болатын. Олар жазаланды.
-
Неудачное выступление казахстанской спортсменки Яны Хан на Олимпиаде в Милане лишило ее шансов на выход в финал.