tengrinews.kz
- 10 ақп. 2026 16:30
- 124
Алматы тау етегіндегі үш қабатты ғимарат бұзылып жатыр
Алматы қаласының тау етегінде орналасқан Ерменсай ықшамауданында үш қабатты заңсыз салынған ғимарат бұзылып жатыр. Бұл туралы қалалық қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Заңсыз құрылыс анықталды
Жоспардан тыс тексеру барысында Таужиегі көшесіндегі ғимараттың жобалық құжаттамаға және сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес келмейтіні анықталды. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқаулық берілді.
Сот шешімімен бұзуға жіберілді
Кейіннен, басқарма Бостандық аудандық сотына ғимаратты пайдалануға беру туралы актіні жойып, нысанды бұзу туралы талап арызын берді. 2025 жылғы 20 тамызда сот талап арызын қанағаттандырды. 2025 жылғы 28 қазанда Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Бұзу жұмыстары басталды
Сот орындаушыларының қатысуымен 9 ақпанда ғимаратты бұзу жұмыстары басталды.
Бұған дейін Алматыда сот шешімімен Мадениет ықшамауданында орналасқан «Достар Делюкс» тұрғын үй кешені бұзылған болатын.
-
Павлодардағы мектеп мұғалімдерінің Қазақстан туын және елтаңбасын жою рәсіміне қатысты дау туды. Білім басқармасы бұл әрекеттің себебін түсіндіріп, мектеп басшылығына тәртіптік жаза қолданылғанын хабарлады.