Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Қайрат Нұртастың әкесі ұлының туған күнімен құттықтап, елге қуанышты хабар жеткізді

Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков ұлының туған күніне орай әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба жариялады. Ол ұлына ақ тілегін арнап, көпшілікке де ізгі ниетін білдірді.

"Ал ағайын, балам деп айтуға Алладан қорқамын. Бүгін өздеріңіздің ерке ұлдарыңыз Қайратжанның дүние есігін ашқан күні. Алла ғұмыр берсін! Сіздердің алдарыңызда Алла тарту еткен қызметін жасап, жарқырап жүре берсін!" – деп жазды Нұртас Айдарбеков.

Қайрат Нұртас 1989 жылы 25 ақпанда Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол қазақ эстрадасындағы ең танымал әрі табысты әншілердің бірі саналады. "Қайрош", "Легенда" лақап аттарымен танымал өнер иесі поп жанрында ән айтып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген.

Әнші өнер жолын ерте бастап, 8 жасында экранға шыққан. Кейін эстрада-цирк колледжінде білім алды. 2007 жылдан бастап "Тәтті сезім", "Жаралдың кім үшін", "Аллаға шүкір", "Көз жасың көмектеспейді" сынды хит әндерімен елге танылды. 2008 жылы Алматыдағы Республика сарайында алғашқы жеке концертін берді.

Қайрат Нұртас тек Қазақстанда ғана емес, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан секілді елдерде де концерт қойып, үлкен аудитория жинады. 2014 жылы "Жылдың үздік әншісі" атанса, 2016 жылы "Құрмет" орденімен марапатталды. Сондай-ақ, ол "Өкініш", "Адель", "Арман. Когда ангелы спят" секілді фильмдерге де түскен.

Әнші 2008 жылдан бері Жұлдыз Әбдікәрімовамен некеде. Ерлі-зайыптылардың бес баласы бар.

Жаңалықтар

Жарнама