Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қалмақан Әбдіқадыров Жиб - Жица күресі (Қажымұқан туралы)
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы Қ. Әбдіқадыров Жиб - Жица күресі (Қажымұқан туралы)
Жалпы мақсаты Мәтінді түсініп оқиды, оның мазмұнын ұғыну, жанрлық сипатын анықтауға машықтандыру; Әдеби теориялық түсінік бере отырып, оқиғаның шиеленісуі туралы ұғымын кеңейту.
Сілтеме Ана тілі
Оқу үшін оқудың нәтижесі Қ. Әбдіқадыров Жиб - Жица күресі (Қажымқан туралы) Мәтінді түсініп оқиды, оның мазмұнын ұғынады, жанрлық сипатын анықтауға машықтанады, Әдеби теориялық түсінік бере отырып, оқиғаның шиеленісуі туралы ұғымын кеңейеді.
Негізгі идеялар Мәтін арқылы адамның мінездерін тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын материалдар Флипчарттар
Оқыту әдістері Топтық жұмыс
Дерек көздер «Қажымұқан» кітабы
Оқушыларға псих - лық ахуал туғызу Оқушыларды топқа бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау Үй тапсырмасы тест арқылы тексеріледі. Әр дұрыс жауап бір бал.
1. Мәтіндегі оқиғалардың ретін көрсет:
- Ағашқа сүйеніп қатып қалған бала
- Қасымның әжесінен айырылуы
- Тау ішіндегі қорқыныш
- Иса мен Қадишадан көрген қорлығы

2. Қасымның әжесінен айырылған кездегі жоқтау айтып жылаған сөздерін жаз__________________________________________________________________________________________________________________- 3. Неліктен Қасым Исаның үйінде жетімдік көрді?

3. «Құлынымның бұғанасы қатқанша рахым ет. Сорлы қылып қақсатпа, зарлатпа, көрде мені күңірентпе!» деген әжесінің тілегінің мағынасы неде?
4. Қасым Исаның үйінде қандай қорлық көрді Мысалы _________________
5. Тау ішіндегі қорқынышты суреттеп жаз
6. Егер сен қасымның орнында болсаң не істер едің? _______
Қасымның жағдайын жақсартудың қандай амалын ұсынар едің?

«Ой қозғау» І топ: Күрес өнері туралы не білесіңдер?
ІІ топ: Қажымұқан туралы
ІІІ топ: Қазіргі қазақша күрес туралы Қажымұқан туралы слайд көрсетіледі.
“Қалың бет, бура түсті, қара нардай
Жұп жұмыр жуан діңгек, бойшаң нардай
Өзге жұрт ергежейлі ол келгенде,
Айбыны жолбарысқа болар пардай”
Сәкен Сейфуллин

«Мағынаны тану» «Бағыттап оқыту»
І қадам: Жиб - Жица күресі мәтінінің бірінші бөлігін оқыту. Осы бөлік туралы әңгімелей келіп, оқиға ары қарай не болуы мүмкін?
ІІ қадам: ІІ бөлігін оқу. Қаншалықты мәтін сендер айтқанмен сәйкес келді.
Тағы болжау жасау. Мәтіннің ары қарай жалғасын білгілерің келеме?
ІІІ қадам: Мәтінді аяқтау.

Жиб - Жица жапон күресі.
Бұл күресте ешбір ереже жоқ, палуандар кез келген жерінен ұстап, шамасы келсе, жұлып тастай салатын. Саракики Харбин қаласында Қажымұқанмен күреседі.
Жылысып жыл артынан жылдар өтіп,
Барғанда қырыққа жуық жасым жетіп.
Шақырады Жапония үкіметі,
Атақты палуандарды хабар етіп.
Он сегіз Ресейден палуан жүрдік,
Белсеніп күреспеске білек будық.
Маньчжурия қаласы Харбин екен,
Сауық пен салтанатты келіп көрдік.
Дейді екен бұл күресті “Жиб Жица
“Сайыс ” деген болады қазақша айтса.
Күресте өліп кетсе, құны болмас,
Үлкен олжа басы аман, тірі қалса.
(Айтбай Белгібайұлы)

«Ой толғаныс»
1. Мәтін кімдер туралы?,
Олардың арасында не болды?
Оқиға қашан болды?.,
Қайда болды.
1. Мәтіннің мазмұнын қысқаша өз сөзіңмен айт
2. Саркеки мен Қажымұқанды салыстыр.
3. Мәтінді неше бөлікке бөлуге болады?
4. Қажымұқанның ешкім шықпағанда сырын білмейтін күреске шығуына деген өз көзқарасыңызды айтсаңыз
5. Бұл әңгімені қазіргі заманмен қалай байланыстырар едіңіз

Үй тапсырмасы «Қазақстан барысы - ел намысы» эссе
Рефлексия Екі жұлдыз бір тілек Топ басшыларының бағалауы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама