- 05 нау. 2024 01:39
- 362
Затқа қарап қарындашпен сурет салу кезеңдері. Натюрморт
Сабақтың тақырыбы: Затқа қарап қарындашпен сурет салу кезеңдері. Натюрморт.
Сабақтың мақсаты:
а) ақпараттық: Натюрмортты салдыру арқылы жарық пен көлеңкені, заттың пішінін дұрыс салу жолдарын үйрету.
ә) коммуникативтік: Өзіне қарап сурет салуды, бейнелеу заңдылықтарын одан әрі қарай меңгерту.
б) проблеманы шешу: Сарамандық тапсырмалар арқылы бейнелік ойлау қабілеттерін жетілдіру, өнерге деген эстетикалық қарым - қатынасын байыту.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды қабылдау сабағы.
Сабақтың әдісі: Ауызша түсіндіру, көрнекіліктер, машықтық әдіс.
Көрнекілігі: слайд, сызбалар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Кіріспе. Амандасу, оқушыларды тексеру, сабаққа әзірлігін қадағалау. Сабақ жоспарымен таныстыру. Кіріспе сұрақтар қою.
ІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Белгілі бір нәрселердің суретін салғанда олардың геометриялық денелерге ұқсас жерін салыстырып қарау керек. Яғни әр түрлі геометриялық денелерді
жеке - жеке салу арқылы оқушылардың оларды дұрыс бейнелеуіне негіз қаланады. Кез келген нәрселердің барлығы геометриялық денелерден тұрады Оқушыларға көрнекі құралдардағы кезең - кезеңге бөліп салу әдістеріне талдау жасауды үйрету.
Қарапайым нәрсе бір ғана геометриялық денеден тұрады. Мысалы, банкі - цилиндрге, қорап - кубқа ұқ - сас болып келеді.
Ал күрделі заттар құрылысы бірнеше геометрия - лық денелерден тұрады. Күрделі нәрселердің суретін салғанда ең алдымен нәрсенің пішіні қандай геометриялық денелерден тұратынын анықтап алу керек, сонан кейін әрбір геометриялық денеге ұқ - сас бөлшектерін белгілеуге үйренеміз. Оқушы су - ретін салатын нәрсенің тұтас құрылысын анықтап алуы тиіс. Яғни заттың құрылысы дегеніміз оның конструкциясы болып табылады.
Әрбір нәрсенің суретін салуда ең әуелі әбден зейін аударып, оның құрылысын біліп алуға әдеттенуіміз қажет. Пішіні симметриялы заттарды бейнелеуді ось сызығын жүргізуден бастау керек. Ал пішіні әртүрлі болып келетін заттарды бейнелегенде көмекші сызықтар пайдалану сурет салуды жеңілдетеді.
Сурет салу барысында нәрсе бөліктерінің шама жағынан өзара қатынасын анықтау пропорция деп аталады. Нәрселердің пропорциясы – биіктігінің көлденеңіне, бір бөлігінің екінші бөлігіне шама жағынан қатынасы. Нәрсенің пропорцияларын дұрыс беру заттың өзіне қарап сурет салудағы басты міндеттерінің бірі болып табылады. Нәрсенің өзіне қарап сурет салғанда оның пропорцияларын тексеруді оқушыларға үйрету қажет.
Сурет салғанда ең алдымен заттың жарық көлең - кесін анықтау керек. Жарық деп затқа сәуле түскен бетін айтамыз. Көлеңке – затқа жарық түспеген беті. Жарық пен көлеңке заттың өңіне байланысты штрихталады. Заттың өңінің қою немесе бәсең болуына байланысты жарық пен көлеңке арасындағы қатынас әр түрлі болып шығады.
Заттың жарық көзінен таса, сәуле түспейтін жақтарын меншікті көлеңке деп атаймыз.
Жарық түсіп тұрған заттан екінші заттың бетіне түскен көлеңке немесе жердегі жазықтыққа түскен көлеңке түспе көлеңке деп аталады. Ал жартылай көлеңкеге ауысар жерін шала көлеңке дейміз. Жыл - тыр немесе мөлдір заттың бетіне түскен ең жарық дақ жылт болып табылады. Бұл жылт заттардың дөңес қырларында жақсы байқалады.
ІІІ. Машықтық кезең.
Геометриялық денелерден құралған натюрмортты жай қарындашпен бейнелеу.
IV. Қорытынды.
Бүгінгі сабағымызды сұрақ - жауап қорытындылаймыз.
Сұрақтар:
1. Натюрморт дегеніміз не?
2. Заттың жарық көзінен таса, сәуле түспейтін жақтарындағы көлеңкені қалай атаймыз?.
3. Жылтыр немесе мөлдір заттың бетіне түскен ең жарық дақ қалай аталады?
V. Үйге тапсырма.
Натюрморт тақырыбында нобайлама орындау.