Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 12 сәу. 2026 00:00
- 30
«Қалталы еркекке үйір көбелектер»: Сарапшы тоқалдар туралы шындықты айтты
Қоғамда қызу талқыланып жатқан екінші әйел, яғни тоқал мәселесіне қатысты кәсіпкер әрі сарапшы Айнұр Қалымбетова өз көзқарасын білдіріп, бұл құбылыстың астарындағы шындыққа тоқталды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сарапшының айтуынша, өзгенің бақытты отбасын бұзу арқылы бақыт табуға ұмтылу көбінесе кері нәтиже береді. Ол мұны белгілі тұлғалардың өмірімен мысал келтіре отырып түсіндірді.
Баян Мақсатқызы мен Баянның тоқалы
Айнұр Қалымбетова Баян Мақсатқызын мықты мақсат қоя білетін, еңбекқор әйел ретінде сипаттады. Оның айтуынша, Баян танымалдықты өз еңбегімен тапқан және шынайы сезім үшін адал жолмен бақытқа жеткен.
Ал Тұрсынбектің тоқалына қатысты пікірін білдірген сарапшы, мұндай жағдайларда әйелдер көбінесе «қалталы еркектің» жанында жүріп, оны бағындырса, байлық пен танымалдыққа ие болатынын ойлайтынын айтты. Олар бірінші әйелді елемей, өз мақсаттарына жетуге тырысады екен.
Әркім өз әрекетінің жемісін көреді
Сарапшының сөзінше, Тұрсынбек екінші әйеліне кеткенде, Мөлдір Әуелбекованың жұлдызы жанып, табысқа жеткенімен, Айман (Тұрсынбектің тоқалы) танымал болғанымен, жағымсыз жағынан көрініп, беделі түскен. Бұл әркімнің өз энергиясы мен әрекетіне қарай нәтижесін алатынын көрсетеді дейді сарапшы.
Бұл пікір әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, көпшіліктің түрлі ой-пікірін тудырды.