Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 минут бұрын)
Қарағанды облысына жаңа прокурор тағайындалды

Қарағанды облысының прокуратурасын басқару тізгіні тәжірибелі заңгер Мұрат Тілеубердиевке сеніп тапсырылды. Ол бұған дейін Түркістан облысының прокуратурасын басқарған болатын.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұрат Тілеубердиевтің қызмет жолы

1973 жылы 20 қарашада Алматы облысы Қаскелең ауданында дүниеге келген Мұрат Ажымұратұлы Тілеубердиевтің заңгерлік білімі бар. Ол Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тамамдаған.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1999 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. Жылдар бойы ол қатардағы қызметкерден бастап, басқарма бастығына дейінгі лауазымдарды атқарды.

Түрлі жылдары Алматы қаласы прокуратурасының бөлім және басқарма бастығы қызметтерін атқарған. 2018 жылдың сәуірінен бастап Алматы қаласының Әуезов және Алмалы аудандарының прокуроры, сондай-ақ Алматы қаласы прокурорының орынбасары болды.

Кейіннен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кадрлық даму департаментін басқарды. 2023 жылдың мамырынан бастап Түркістан облысының прокуроры қызметін атқарды.

Марапаттары

Мұрат Тілеубердиев «Айбын» орденімен марапатталған.

Бұған дейін Түркістан облысының прокуроры болып Бауыржан Мырзакеров тағайындалғаны хабарланған еді.

Жаңалықтар

Жарнама