Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қай ит ішіп кеткен?

Айжарық бір жолы алыстап келе жатып, жол-жөнекей отау үйіне түсіп, сусын ішіп шықпақ болады. Үйде жан жоқ екен. Қараса, бір кесе айран тұр. Айжарық оны сарқып ішіп, үйден шыға берді. Сол кезде тезек теріп жүрген келіні келіп:

— Ата, үйге кіріңіз, шай қояйын, — деп жабысады. Айжарық көнбейді.

— Шайға қарамасаңыз, айран ішіп шығыңыз, — деп келіні Айжарықты үйіне ертіп кіреді. Атасына айранды құйып берейін деп керсенді ашады.

Қараса керсені босап қалған.

— Көтек! Мұндағы айранды қай ит ішіп кеткен? — дейді келіні шошып кетіп.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама