Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру

Алматы автомобиль-жол колледжінің физика пәнінің оқытушысы:
Байсбаева Жазира Байтилеуовна
 
Бүгінде еліміз індет жайлаған қиын кезеңді басынан өткеріп келеді. Осынау тыныш бейбіт жатқан еліміз наурыз айынан бастап карантинге жабылып қоя берді.

Иә, дертке дауа бар ма екен! Бұл күнде адамзаттың қас жауына айналған аты жаман ауру қай саланы болса да ақсаңдатпай қоймады. Соның ішінде өзім қызмет атқарып жатқан Алматы автомобиль-жол колледжі туралы тілге тиек еткім келіп отыр. Мен физика пәнінің оқытушысы ретінде колледжде сабақ бергеніме міне, көзді ашып-жұмғанша, 5 жылдан астам уақыт өтіп келеді. Бұл колледжде техникалық мамандарды дайындаумен әр оқытушы маңдай терімен сабақ беріп келеді. Әр күн  сайын қызығы мен шыжығына батқан білім саласы біздің оқу орнын да карантинге жаппай қоймады. Бірақ осы карантин кезінде де оқытушылардың күні- түні демей істеп жатқан еңбектерін айтып өтпеу мүмкін емес.

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен-тарихтағы ең ұлы  істің бірі» — К. Д. Ушинский айтып өткендей бүгінде біздің колледж басшыларынан бастап оқытушылар ерен істерді атқарып отырғаны сөзсіз. Оған куә қашықтықтан оқыту жүйесі. Бүгінде қашықтықтан оқыту жүйесі барлық білім саласында орындалып, отыр, әрине мұндай кезеңде жүз пайыз елімізде барлық білім алушылар компьютер, интернет жабдықталып отыр деп айту әлі ерте. Алматы автомобиль-жол колледжі басшыларының ұйымдастыруымен біздегі қашықтықтан оқыту жүйесі былай жүргізілді. Атқарушы директор Турсумбекова Хорлан Сакеновнаның ұйымдастырушылығымен колледж білім алушылары шетте қалған жоқ. Бұл мезетте наурыз айынан әр білім алушылар туралы ақпарат алынды. Оқытушылар көмегімен әр баланың жағдай-ахуалы туралы мәлімет алынып, тиісті шаралар қолданылды. Сонымен қатар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Акимжанова Арай Шоғанбековна күнделікті қала деңгейінде жүріп жатқан вебинарлардан, өз тәжірибелерінен оқытушыларға қашықтықтан оқыту барысында әр пәнге байланысты видео жасау, білім алушылар мен оқытушылар арасындағы сабақ беру процесін күнделікті қадағалап отыр. Бұл мезетте білім басшылығының ұсынған Edupage платформасы өте маңызды рөл атқарып келеді. Edupage платформасы арқылы білім алушы мен оқытушының арасындағы қарым-қатынасты орната білдік. Әрине, бұл платформаға көмекші желілер вацап, youtube, электронды почталардың да қызметі орасан зор болып келе жатыр. Сонымен қатар оқу бөлімінің басшысы Пана Әлімтайқызының білім алушыларды күнделікті қадағалап отыруының нәтижесінде оқыту жүйесінде білім алушылардың толық сабаққа қол жеткізуіне қол жеткіздік. Наурыз айынан бастап, платформаға барлық білім алушыларды және оқытушыларды тез арада платформаға енгізумен айналысқан информатика пәнінің оқытушысы Байтлес Рабинур Елемесқызының күнделікті жасаған еңбегін де айтып өтпеуге болмас. Осы орайда сабақ кестесін жасап енгізуді, білім алушыларға сынақ пен емтихан мерзімдерін өз уақытымен жасап, оқытушыларға таратып, платформаға енгізу Нұрбаева Алия Адильханқызының еншісінде және бақылауында болды. Міне, осылай бір жеңнен қол бір жеңнен жаға шығарып және ұйымдастыоырылып келе жатқан оқу жүйесіне наурыз айынан бері әр білім алушы мен оқытушылар дағдыланып қалған. Оқытушылар күні-түні демей, білім алушылармен қарым-қатынас орнатып, оларға әр тақырыптың меңгерілуін және осыған орай кері байланыс орнатып, оларға әр тақырыптың меңгерілуін, кері байланыстың болуын қадағалап үлгеруде. Білім алушылардың тапсырмаларын тексеру, қатемен жұмыс жасау, оларға тақырыпты меңгерудің тиімді жолдарын қарастыру үлкен еңбекті талап етеді. Әлемді індет жайлаған уақыт кезінде әрине адамзат карантинге жабылып, осы айларда жүргізіліп жатқан мерекелерді де ұмыт қалдырды. Бірақ біздің колледжде әр мереке уақытына сай, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Иманкулова Надира Сериковнаның ұйымдастыруымен әр түрлі хэштегтер, профориентациялық жұмыстар, әсіресе «9 мамыр – Жеңіс күніне арналған» қысқаша видеолар сол мезетті бастан кешіргендей сезім білдірді. Жеңіс демекші бүгінде сол қиын да сұрапыл кезеңді бастан кешіргенімізге 75 жыл болып қалыпты. Бұл қаперлі сәттерді мұндай кезде де еске алып, келер ұрпақтың санасына салмау, патриоттық тәрбие бермеуге болмас деп ойлаймын.

Осынау қазақ елі не көрмеді. . . Тарихкқа көз жүгіртсек, адам жанын селт еткізер оқиғалар мен ұрыстар жаныңа еріксіз жас ұялатады. Ата – бабамыздың ұрпағы үшін, өз жанының қасық қанын қиғандығына әрқашан бас иеміз. Соның бірі өзім келін болып түскен үйдегі қайын атам жайлы сөз қозғағым келіп отыр.

Менің енем Қайнарова Қарлығаш  Кенжегалиевна және інісі Қанатов Марат Кенжегалиевич есімді аналарымыз бен ағаларымыздың айтуы бойынша қайын атам  Қанатов Кенжегали Ізбасарович 1925 жылы шілденің 15 жұлдызында Батыс Қазақстан облысындағы Соркуль ауылында дүниеге келген екен.

C:\Users\Admin\AppData\Local\Temp\Rar$DIa0.382\IMG-20200506-WA0110.jpg           C:\Users\Admin\AppData\Local\Temp\Rar$DIa0.383\IMG-20200506-WA0109.jpg

Соғысқа дейінгі жылдары Орал қаласында 7-сыныптық мектепті бітірген екен. Үлкен маман иесі болу дәл осы соғыстың кесапатынан бұйырмапты. Ол кісіні 1943 жылдың қаңтар айының 1-нен соғысқа шақырту алды.

C:\Users\Admin\AppData\Local\Temp\Rar$DIa0.168\IMG-20200506-WA0108.jpg    C:\Users\Admin\AppData\Local\Temp\Rar$DIa0.222\IMG-20200506-WA0107.jpg

Соғыс барысында 63-ші минолетшілер полкінде қызмет атқарған. Содан кейінгі 24-ші  атқыштар полкіне ауыстырылыпты. 1944 жылы 29-ші курсанттарды оқу полкіне жіберіліп, кіші сержант атағын осы жерде алыпты. Оқудан кейін 793 атқыштар полкінде бөлім командирі болып қызмет атқарыпты. Дәл осы жерде Қанатов Кенжегали Ізбасарович үлкен ұрыстарға нақтырақ айтсақ, немі фашистерін ұстау ұрыстарына қатысыпты. Соғысты дүйім жұртпен 1945 жылдың 9 мамыр айында Берлин қаласында аяқтапты. Қанатов Кенжегали Ізбасарович сонымен қатар рейхстакқа ту тігу кезіндегі ұрыстарға белсене қатысқан қазақ жауынгерінің бірі еді»-деп Марат аға сөзін аяқтады. Көз алдымызда қарап отырсақ осындай қазақ жауынгерлері зұлмат соғыстың құрбанына айналып кете барды. Әр ер-азамат бір ағаш болып саналса, бүгінде бұл ағаштар үлкен бәйтерекке айналып, ұрпағы сол бәйтеректің жас талшығындай қаумалап өсер еді. Бүгінгі күнде Қанатов Кенжегали Ізбасарович атамыздан қалған 8 ұрпағы бар. Оның төртеуі қыз, төртеуі ұл баласы. Бұл кіслерден тараған 19 немересі бар. Мен осы немерелерінің бірі Қайнаров Арман Камзаұлының жұбайы болып келемін. «Қажеті жоқ. . . Соғыстың қажеті жоқ! Дұрысы тірлік қылып, ізденейік. Шынайы даңқ - еңбекпен келген атақ. Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын!» деп айтқан екен Ги де Мопассан.

Иә, мұндай соғыстың ешкімге қажеті жоқ. Қазіргі заманда ешбір адам әкесінен, ағасынан, баласынан айрылмай-ақ қысқа ғана ғұмырдың мақсаты мен мәнін түсінсе екен деп ойлаймын. Келер ұрпақ зұлмат соғыстың кесапатының бейнесін естен шығармай, бүгінгі күнге шүкіршілік етіп, өз елінің, жерінің патриотына айналсыншы деген оймен сөзімді аяқтағым келіп отыр.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама