Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Үш саңырау

Бір үйде үш саңырау тұрыпты: қызы, әкесі, шешесі.

Бірде шал атын суғаруға құдыққа барады. Құдық басына бір жас жігіт келеді. Ол келе:

— Ата, ассалаумағалейкум, — деп амандасады. Сонда шал:

— Жоқ балам, бұл менің өз атым, әкемнен қалған, бермеймін, — деп жатып кеп дауласады. Сосын үйіне келіп жаңағы болған оқиғаны айтады. Бір жас жігіт атыма жармасып, әзер құтылдым дейді. Сонда кемпірі:

— Ыстық берсем, ыстық берді дейсің, суық берсем, суық берді дейсің, сенің қай бабыңды табайын, — депті. Сонда осы әңгіменің бәрін естіп отырған қызы:

— Қай байға берсең, о байға бер, күйеу таңдап отырғаным жоқ, — депті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама