Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Туған тілдің қадыр - қасиетін ұғындыра отырып, төменгі сыныптарда алған білімдерін түрлі тапсырмалар арқылы бекіту.
Дамытушылық мақсаты: Сөз байлығын, сөздік қорын байыту, ойлау, байқағыштық қасиеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық жұмыстарды орындай білуге, қатесіз, ұқыпты талдай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі:
1) сұрақ - жауап
2) салыстыру
3) топтастыру
4) сатылай кешенді талдау
5) мәтінмен жұмыс, пікір айту.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, слайдтар, кесте.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, музыка.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, топқа бөлу(әдебиетшілер, тілшілер, тарихшылыр)
II. Өткенді пысықтау
III. Жаңа сабақ
Біз қазақ тілінің түркі тілдер тобына жататынын білеміз. Халқымыздың жазба әдебиетінің тарихына назар аударайық. Түркі тілдеріне ортақ тарихи жазба мұралар негізінен үш дәуірді қамтиды.
Жаңа дәуірдің бастапқы кезеңінде ескі қазақ жазба тілі есебінде араб жазуы қолданылды. Қазақ тілі қазіргі кириллица жазуын белгілі кезеңдерде төте жазу атаған. Араб, кейіннен латын графикаларымен ауыстырған да тұстары болған.
Елбасымыз Н. Әбішұлының жолдауында еліміздің әлемнің дамыған, алдыңғы қатарлы 50 елінің қатарына енуін басты міндет еткен болатын. Өркениетті елдердің қатарына қосылу
үшін, алдымен ана тіліміздің мәртебесін көтеру қажет екені анық.
1989 жылы қыркүйектің 22 Қазақ ССР - і Жоғарғы Советі Қазақ ССР - і Тіл туралы заңын қабылдаған еді. Осы күн сол кезден бастап Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесі болып аталып келеді. Атамыздың адал қанымен тарап, анамыздың ақ сүтімен бойымызға сіңген ана тілімізді арда тұтайық, қолдайық. Азаттығымыз, қазақтығымыз, ғажап дініміз, қазақ тіліміз қиямет - қайымға шейін, бізбен бірге мәңгі жасасын. Қай ұлтты, халықты алсақ та, бәрінің өзіне лайық тілі бар. Халық өз ана тілін ең ардақты нәрсе деп санайды, сүйеді. Тілді жасаушы – халықтың өзі. Сондықтан тіл халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Себебі ана тілінсіз ұлт мәдениеті, ұлт әдебиеті жоқ.
1989 жылы қыркүйектің 22 Қазақ ССР - і Жоғарғы Советі Қазақ ССР - і Тіл туралы заңын қабылдаған еді. 1992 және 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конститутцияда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі боп бекітілді.
Тіл саясаты туралы тұжырымдама – 1996 жылы Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы 1997 жылы 11шілдеде қабылданды.
Тілдің Мемлекеттік тіл ретінде қызмет етудің алғышарттарымен таныстыру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама