Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 27 минут бұрын)
Қазақстан АҚШ-ты "Лукойл" активтеріне басым құқығы туралы ескертті

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасына (OFAC) ресейлік "Лукойл" компаниясының Қазақстандағы активтерін сатып алудағы басым құқығы туралы ресми хабарлама жолдады. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

Бұл хабарлама қаңтар айының соңында жіберілген болатын. Министрлік бұл хаттың тек ақпараттандыру мақсатында жіберілгенін және OFAC-тың жауабын талап етпейтінін мәлімдеді. Қазақстанның "Лукойл" үлестерін сатып алудағы басым құқығы ұлттық заңнамада, атап айтқанда Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексте бекітілген.

Активтерді сатып алу шарттары

Сатып алудың нақты шарттары әзірге жарияланбады. Алайда, министрлік мәліметінше, мәміле аясындағы төлем ақшалай емес нысанда да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте "ҚазМұнайГаз" компаниясы да "Лукойлмен" келіссөздер жүргізіп жатыр. Ресейлік компания өз үлестерінің тағдыры туралы әзірге ешқандай ақпарат берген жоқ.

"Лукойл"-дың Қазақстандағы үлестері

Қазақстанда "Лукойл" компаниясы Теңіз кен орнын игерушіде 5%, Қарашығанақта 13,5%, "Қаламқас теңіз – Хазар" жобасында 50% үлесі бар. Сондай-ақ, Алматы облысында май өндіретін зауыты жұмыс істейді. Бұған дейінгі ақпараттарға сәйкес, бұл активтер әлеуетті мәміле аясына кірмейтін болып саналған.

Халықаралық қызығушылық

АҚШ-тың "Лукойл" мен "Роснефть" компанияларына санкция салғанынан кейін, "Лукойлдың" шетелдік активтеріне көптеген халықаралық компаниялар мен инвесторлар қызығушылық танытқан болатын. Олардың қатарында американдық Chevron, ExxonMobil, БАӘ-нің ADNOC, IHC және Саудия Аравиясының Midad Energy компаниялары бар. Қазіргі таңда саудиялық Midad Energy компаниясы "Лукойлдың" шетелдік "еншілес" компанияларына негізгі үміткер ретінде қарастырылуда.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңалықтар

Жарнама