tengrinews.kz
- 06 сәу. 2026 21:00
- 28
Қазақстанда күн күрт суытып, қар жауады
Қазақстанның басым бөлігінде көктемге тән құбылмалы ауа райы күтіледі. «Қазгидромет» синоптиктері 7, 8 және 9 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады. Солтүстік пен солтүстік-батыс өңірлерде жаңбырмен бірге қар да жаууы мүмкін. Батыс және оңтүстік облыстарда кей уақыттарда нөсер жаңбыр күтіледі. Солтүстік өңірлерде жауын-шашын қатты болады.
Жел күшейіп, дауыл тұруы ықтимал
Республика бойынша жел күшейіп, екпіні артпақ. Батыс пен оңтүстік өңірлерде бұршақ жауып, дауыл тұру қаупі бар. Тек елдің шығыс бөлігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Температура төмендейді
Солтүстік және солтүстік-батыс Қазақстанда күндізгі ауа температурасы 3-15 градус жылыға дейін төмендеуі болжанып отыр.