Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Қазақстанның астанасы
Ақмола облысы, Аршалы ауданы,
Волгодонов орта метебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Қыдырбаева Тыныштық Ұзақбайқызы

Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның астанасы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға коммуникативтік бағытта берілген тапсырмаларды меңгерту, бір - бірімен қарым - қатынас дағдысы мен білігін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның астанасы туралы мағлұмат беру, буын түрлері туралы түсінікті, практикалық жолмен меңгерту.
Дамытушылық: Әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында оқылым, тыңдалым, сөйлесім, жазылым дағдыларын қалыптастыру, сол арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Туған жерге деген сүйіспеншілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ
елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, жаттығу, мәтінмен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, кеспелер, суреттер.
Оқыту формасы: жеке - дара, жұптық, топтық
Пәнаралық байланыс: география, дүниетану

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Балалармен сәлемдесу.
2. Кезекшімен сұхбат.
3. Уәж тудыру (күнделікті жаңалықтар, ауа райы, қоғам мәселелері туралы әңгіме өрбіту).
4. Тақырыпқа қатысты танымдық сұрақтар.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- жаңа сабақтың мақсатын, барысын айту;
- жаңа тақырыпты түсіндіру;

ІV. Жаңа сөздермен жұмыс.
Үкімет үйі – дом Правительства
Мемлекеттік - государственный \- ая; - ое;\
мұражай – музей
сарай – дворец
қонақ үй – гостиница
кешен – комплекс
1. Мұғалім жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіреді;
2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру;
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар дауыстап қайталайды;
- сөз тіркестерін құрау;
- сөз тіркестерін оқушылар тізбектеп оқиды;
- бірі орысша, екіншісі қазақша оқиды;
V. Лексикалық тақырып.
Қазақстанның ескі – жаңа астаналары
Оқылым.
1. Мәтінді оқу, түсіну, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру:
- Қазақстанның қай қалалары астана болып есептеледі?
- Қазақстанның бірінші астанасы қай қала?
- Қазақстанның екінші астанасы қай қала?
- Үшінші астанасы қай қала болды?
- Соңғы немесе қазіргі елордасы қай қала?
Сөйлесім: Астана тақырыбы бойынша сұхбаттасу, пікір алмасу.
Тыңдалым: «Өз Астанам - өз Ордам» атты танымдық өлеңді тыңдау.
«Өз Астанам - өз Ордам»
Жаса, жаңа Астанам,
Өркен жая бастаған!
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған!
Асқақтай бер, Астанам!
Берекеге бастаған. Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған!
\ Н. Айтұлы\

Жазылым. Грамматикалық жаттығуларды орындау.

VІ. Оқулықпен жұмыс:
VІІ. Сабақты бекіту және қорытындылау
- Балалар, сендер бүгін қандай ақпарат алдыңдар?
- Бүгінгі сабақта қандай сөз үйрендіңдер?

VІІІ. Бағалау: оқушыларды сабаққа қатысына қарай бағалау, марапаттау.
Үйге тапсырма:
1. Астана қаласы, Қазақстанның астанасы тақырыбы бойынша қосымша мәліметтер жинау.
2. Грамматикалық жаттығуларды аяқтау.
3. Өлеңді жаттау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама