Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Қазгидромет он бір қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет он бір қаланың тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды infohub.kz.

Хабарламада 3 қаңтарда бірқатар қалада қолайсыз ауа райы күтілетіні айтылды.

Атап айтқанда, Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанды.

Сондай-ақ түнде Астанада да қолайсыз ауа райы болады делінген.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – ауаның беткі қабатында зиянды заттар шоғырлануына ықпал ететін тымық ауа райы, жел, тұман секілді қысқа мерзімді метеофакторлар жиынтығы.

Мұндай факторлар ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал етеді.

Жаңалықтар

Жарнама