Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 сағат бұрын)
ҚазҰУ-іммен мақтанамын

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті еліміздегі ең жоғарғы оқу орындарының бірі. Жалпы университетіміз 1934 жылы құрылған. Сол жылдардан қазіргі таңға дейін әлемдегі ең үздік 150 университеттің қатарына кіріп отыр. Атап айтар болсам Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ғана емес, Орталық Азия мен ТМД елдерінде өзінің көшбасшылық позициясын дәлелдеді. Мен қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде химия және химиялық технология факультетінде нанохимия және наноматериялдар мамандығында оқып жатырмын. Бұл университетке оқуға түскеніме ешқашан өкінбеймін. Себебі ҚазҰу мүмкіндіктер мекені. Университетімізде қазіргі таңда 180 сала бойынша мамандар дайындайтын 16 факультет бар. Ректорымыз Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев. Мен химия мамандығында оқитын болғандықтан көптеген химиялық зерттеулер жүргіземіз. Ал ол үшін факультетіміз толықтай құрал жабдықтармен қамтылған. Табиғаты да өте әдемі. Қыста да,жазда да өз әсемдігін жоғалтпайды. Ұстаздарымыз да өте білікті мамандар,өз істерінің шеберлері. Университетіміз көптеген шетелдік Жоғарғы оқу орындарымен бірлесіп жұмыс жасайды. Мұнда оқитын әрбір студент  шетелге шығып өз білімдерін жетілдіруге толықтай мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ университетімізде оқу өмірінен тыс студенттік өмір де өте қызықты өтеді . Айта кетер болсам қазіргі таңда 6-ға жуық студенттік ұйым жұмыс істейді, олар түрлі тақырыптық бағыттармен, көркем қызығушылықтан бастап, ғылыми жобаларды құрумен аяқталады. Әрбір ұйымда өзіндік ерекше шығармашылық атмосфера бар. Оларға кіре отырып, сіз көптеген жаңа таныстар, эмоциялар және, әрине, жаңа білім ала аласыз. ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені. Мен өз университетіммен мақтанамын!

1 курс Химия және химиялық технология факультеті ҚазҰУ

 Баққожа Гаухар Байболатқызы

 Аға оқытушы Қайрақбаева Гүлназ Солтанғазықызы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама