- 25 қаң. 2019 00:00
- 288
Қызылаяқ бақа
Қызылаяқ бақа — жалпы келбеті мен дене пішіні жағынан (ұзындығы 8 см) сүйіртұмсық бақаға ұқсас, бірақ денесінің төменгі жағы ашық қызыл дақты (көктемде — қызғылт). Қазақстанда тек Балқаш су қоймасында таралған, соңғы 50 жыл ішінде оның саны азайып, таралуы қысқарды. Сондықтан бұл «орталықазия бақасы» деген атпен Қазақстан Қызыл кітабына енгізілді. Мұның санының төмендеуі — көлбақаның оны ығыстырып шығаруына байланысты деп есептейді. Уақытының көбін құрлықта өткізеді. Күндіз белсенді. Жәндіктермен қоректенеді. Аналығы сәуірде таяз суаттарда 600-1200 уылдырық салады. Қазаннан наурызға дейін су өсімдіктері бетін жапқан терең емес су қоймаларының түбінде қыстайды.